Дос, сенің жағдайың да дәл менікіндей екен. Мен де осы жылы ҰБТ тапсырып, пробныйдағы баллдарыма да жете алмай қалдым, менің де кейбір 3ке оқитын таныстарым 100ден асыра жинады. Бірақ мен ертеңіме сенемін, әділдік бар. «Ащы жемей, тәтті жоқ», әр сәтсіздіктің артында сәттілік тұрады. Мен ҰБТ тапсырып болған соң 1 аптадай есімді жия алмай жүрдім, тіпті ауырып қалдым, ал қазір оның бәрін ұмытып оқуға түсуге дайындалып жүрмін. Саған айтарым білімің шынымен бар болса жерде қалмайсың. Үлкен өмірге жақсы қадам аттауыңа тілектеспін.