Өзге тілді сөйлемеймін сән қылып,
Ой санамда өз тілім тұр жаңғырып.
Басқа тілді білу міндет әрине,
Ана тілім ортақ бірақ бәріңе.
Ана тілім тоқтамашы дамылда,
Ластанбашы шолақтанба тоқтама.
Әр қашанда биік тұрсын тұғырың,
Ана тілдің ұғынамын қасиетті ұғымын!
Иә ол қателік менде де бар...Бірақ осы сайтқа тіркелгелі бері кішкене орысша сөйлемей үйреніп қалдым анда-санда болып қалады.Бірақ қазақ тілін маңызын жақсы білем өз тілімді құрметтейім.
Орысша кейде аңдаусызда сөйлейтіндігім мамада ағамда орыс сыныбын бітірген,үйде орысша сөйлейді айтсам түсінбейді,мамамдардың ауылында бұрын қазақ мектеп болмапты сол үшін орысша сөйлейді екен!Ал ағам өзі орысша оқығысы келіпті.Тәтем қазақша бітірді бірақ орыс группасына түсті.Мен 4 сыныпқа дейін орыс мектебінде оқыдым содан кейін қазақ сыныбына көштім!Ал інім быйыл 6 сынып орысша оқыйды.Бірақ қазақша жақсы біледі.Кей бір адамдар сән көріп сөйлейді,ал кейбірінде белгілі бір мен айтқан сияқты себептер болады!