өмір - теңіз,
адам - кеме жүзіп өте шығатын.
дарындар бар қайталанбас
бір-ақ рет туатын.
алыптар бар
арқалайтын ауыр жүк,
бойға жинап
миллионның қуатын.
әркімнің өз биігі бар -
жолын тауып шығатын
өміріне өлшеп алар
мақсаты мен мұратын.
ал, тіршілік
өте шығар қас-қағым -
екі-ақ әріп,
формуладан тұратын