+8 дауыс
2.4k көрілді
Соңғы 2 ай көлемінде өзімді жайсыз сезініп жүрмін, осы уақытқа дейін босқа өмір сүріп келгендеймін.Өмірім алда деп айту оңай ғой, сондада осы 2012 де 20 жасқа да жетіп қалыппын. Енді ойланып қарасам бітіріп жүрген дымым жоқ, құр сабағыма барып келгенім болмаса, шыны керек оны да қатырып жүргенім жоқ, тек стипендиямнан айрылып қалмаудың қамымен жүрмын, біліп бара жатқан ештенем де жоқ, аздық етеді жалқаулық басым. Сұрайын деп тұрған осы сұрағымды алдында да жазып, қоймастан өшіріп тастағанмын, бұл жолы да 10 жазып 10 өшіріп отырмын, өзімді бір жалғыздық билеп алған сияқты, үнемі біреу жетіспейді де жүреді, әңгімелескен қызық деп жүрген достарымның біразымен де араласпай кеттім.  Құр босқа уақыт өткізіп, босқа өмір сүріп жүргендеймін. Психологиялық кітаптарды да интернеттен біраз мақалаларды оқыған соң да біреуге айтқаным болмаса өзіме түк әсер етпейді, өмірден шаршаған адамдарды райынан қайтарудың шебері болдым десем да артық емес, оқиғамен айтып тұрып түсіндереп берер жайым бар, алайда өзіме келгенде әсері болмай қалады. Енді сұрағым келгені:  Өзімнің ойымша осы ойлардың барлығы менің бос уақытымның көп болғанынан шығар деп ойлаймын, ештенені ойлауға мұршам келмей қалатындай қандай іспен айналыссам пайдалы?  Бұндай стресстерде достарым темекі шегіп өз өзінді басқан пайдалы дейді,ал мен ондайға мүлдем жоқпын, тіпті спирттік сусынды да ішпейтін болдым мүлдем, мүмкін достарымның ақылы дұрыс пе екен, өз өзімді іштей жей бергеннен темекі шегіп тек өкпемді ғана зақымдасам  және темекі шегіп те ұзақ өмір сүретіндер бар ғой, өз ойыма өзім қарсы шығып тұрмын, мүлдем шатастым. Сайтқа жазған себебім қалай да ішімдегін сыртқа шығару болып еді, ұнамаса модерлердің біріне айтып өшіртерсіздер, мен жақтан реніш болмайды. ЖӘНЕ МЕН НЕГЕ ҮНЕМІ ӨЗ ӨЗІМДІ ТӨМЕНДЕТЕМІН?  Шындығына келгенде мен қасымда жүрген жігіттерден әлде қайда жан-жақтымын ғой, тек маған удача жетіспейді... Көпті көрген аға-апаларым болса, бәлкім сіздерде де бұндей стресс болған шығар, инеттен көшіріп жаза салмай өз сөздеріңізбен кеңес айта кетсеңіздер. Менен қайтпаса да аса мейірімді АЛЛАдан қайтар деп үміттенемін, РАХМЕТ!
Сұрақтың иесі қазірде кіріп жүр ме сайтқа.
Белгісіз
Кіріп жүр арамызда.
киын болган екен

11 жауап

+7 дауыс
Сіздің басыңыздан өткен оқиға әркімнің де басынан өтуі мүмкін... Өзіңіз айтпақшы, осының барлығы бос уақыттың көп болуының себебінен сияқты. Бос уақытыңызда пайдалы іспен шұғылданғаныңыз дұрыс. Мысалы: спортпен айналысыңыз, әртүрлі қызық кітаптар оқыңыз. Бұның пайдасы көп) Шылым шегіп, спирттік сусындарды ішіп сіз бұл мәселелерден құтыла алмайсыз. Керісінше, ушықтыра түсесіз. Өз-өзіңізді еш уақытта төмендетпеңіз! Себебі, бұл өмірде сізді ақылды, жаныңызда жүрген жігіттерден жоғары санайтын адамдар көп, соны ұмытпаңыз! Тағы бір кеңесім, сіз күніңіздің көп бөлігін компьютердің алдында өткізетін сияқтысыз... Бұл менің жеке пікірім. Компьютердің алдында көп отырмай, біраз серігу үшін, далаға шығып, достарыңызбен көңіл  көтергеніңіз дұрыс деп есептеймін!) Сіз бұл өмірде жалғыз емессіз! Сізді сыйлап, құрметтейтін, жақсы көретін адамдар көп! Ең бастысы соны ұмытпаңыз!
рахмет жауабыңызға! шынында демалыс күндері тек компьютер алдында отырумен шектеледі екенмін... сол көніл көтеруге қызығушылығым болмай жүр... Киноға, достарыммен жай көшеде серуендеуім де аз емес негізінде, жиі жиі достарыммен жиналып тұрамз. Сондада мен ол жерлерде өз өзімді мәжбүрлегендей барып жүрмін, өтірік күлем, өтірік қуанам, ал ішкі дүнием аласұрып жатыр... не қажет екенің өзім де біле алмай қойдым... аспандағы айды сұраандай мүмкін емес нәрселерді қалаймын...
оқасы жоқ! менің ойымша бұл уақытша нәрсе сияқты) уақыт-емші дейді ғой... Біраз уақыт өткеннен кейін бәрінің өз қалпына келетініне сенімдімін және солай болатынына тілектеспін!)
+6 дауыс
Димаш, інішегім, 20 жас деген не ол? 20 жасқа келуің, өмірге енді басқан қадаммен теңеуге болады
Ал өзің ешқашан төмен санаушы болма (не в коем случаи),   өйткені сенің біраз сөзіеріңе қарап байсалды, (вменяемый)  ақылды, интелегентті, көзің ашық екендігіне көзім жетті... ал осындай стрессовый жағдайда арақ ішіп, темек шегетін жолмен стресстен құтылу - бос сөз, ақылсыздық, нағыз топастық іс. Арақ пен шараптың зиянын өзіңде жақсы білесің. Тәк іштө , бұндай апатиялық, стрессиялық, антипатиялық жағдайда кішкене тоса тұр, сабырлы бол; өтіп кетеді, уақытша нәрсе.
Ал қалғаны кеңес Мөлдір үстінде жақсы жазып кетті =)
+8 дауыс
"Алладан басқа жоқ тәңір, Мұхаммед - оның елшісі,
Оқысаң Құран тәп-тәуір жаныңның жалғыз емшісі" - дейд...
бұд адамға ашықтық керек біріншіден
Қыдыр ашықтық деген не ол??
Меніңше Қыдыр, Димашты замкнутый деп ойлап отыр. Соны ашу керек деп жазған болу керек :)
ашықтық бұл ашылу түнеруден ашылу
Димаш не өзіне-өзі жауап жазған ба, түсінбедім.
+7 дауыс
коньки теп фигурный катаниямен айналыс///оригами мин квилинг жасауды үйрен ////коньки тепкен пайдалы ол сені өмірге қайта әкелгендей қылады
+5 дауыс
Тамаша Димаш, мен де студент кезімде сондай сезімдер болған, қазір де бар, бірақ, менің түсінгенім, жақсы нәрсеге тырысу керек, махаббат, достық, татулық, өзіңнің қызығатын біліміңді арттыру, қолыңнан не жақсы келеді соны істеу. Димаш мен сенде бәрі тамаша болатынына сенемін, 100 пайызға, шынымен! Сен ақылды жігітсің.
Ал, "Алладан басқа жоқ тәңір, Мұхаммед - оның елшісі,
 Оқысаң Құран тәп-тәуір жаныңның жалғыз емшісі", мен дінге сенбейм, мүмкін бір жаратушы күш, зат, ақыл есі де бар шығар, оны білмеймін, білетінім, қасымдағы бауырларым, ата-анам, жүрегімдегі махаббатым, сүйіктім соларды бақытты етуді ойлаймын. Солар бақытты болса мен де бақыттымын, махаббат өмірдің мәні.
Осыған сай өлеңім бар ед:
Нармәльні болад бәрі неге уайымдайсың, керек емес,
Қолыңнан келгенін істе дейді бәрі маладес,
Арақ-шарапты қой, қоялмасаң да азайтып онымен күрес,
Қазақ андай-мындай дегенге сенбе, олар жүрген бір балбес,
Не де болса шешімі көп, болмаса басқа нәрсені шеш,
Ең бастысы өз жарыңды өткізіп алма,
Мүмкін сол қыз ренжісе де үйіне қайтып кетпес,
Бақыс ақшада емес, билікте емес,
Ол үйіңде отыр күтіп отыр кәні соларді бір күлдіртіп жіберш. :)
рахмет керемет жауабыңызға! ...жазуға баталым бармай тұр, сондада жазайын, мен де өзімді атейстпін деп ойлайтынмын, алайда өз ойымнан өзім қорқамын. Кейінгі кездері Алланың барына шын мәнінде сеніп келе жатырмын, ал қалған дін, ырым, тағы басқаларына әлі де сенбеймін! тек Аса мейірімді АЛЛА ғана бар! себебі шешуі жоқ ситуациада тұрған кезде ерсі көрінсе де Алладан барлығының жақсы жағынан шешілуін сұраймын "Алдын ала рахмет" деп асылық айтып жіберетінім де бар. Но ең қызығы сол сәйкестік деуге болмайтын да шығар, бәрі өз орнымен реттеледі, Шынында бір тылсым күш бар секілді... "Болашақта сенде бәрі тамаша болады, сен ең керемет жансын" деп маған айтушылар өте көп, мақтанғаным емес, мектептік кезден барлық ұлдар бірдене бүлдірсек маған ерекше сөйлейтін "сен бұларға қосылма, сен бұлар сияқты емессін, болашақта көтерілетін адамсын" деп, но сол АРМАН БОЛҒАН БОЛАШАҚТЫ қашанға дейін күтеді екенмін... түрлі ауыр жағдайдағы адамдар бар ғой өмірде, бәлкім солардың бірі менің осы жазғанымды көріп кекетіп күлген де болар, қазіргі жағдайдағы проблемам ғашақтық болып тұр, түйінді: шығар жолым да ғашықтық шығар. Бұл жолы осындай стресс 2 айға созылып кетті... біреудің өмірі біреуге арман екен дегендей, кейбір адамдарға қызығам ау... Өмірде жолы болғыш ақ келеді... СІЗГЕ тағы да рахмет, жауабыңыз біршама жігерлендірді! РАХМЕТ!
Біреудің өміріне қызықпа, "біз жоқ жердің бәрі жақсы" деген бар емес пе? Мүмкін сен қызығатын адамның өмірі шын мәніде астаң-кестең шығар, сырттай керемет көрінгенмен. Адамдар көп жағдайда сыртқа өзінің шынайы бейнесін шығара бермейді ғой, сондықтан өзіңмен өзің бол, мүмкін сенің өмірің біреуге ертегідей көрінуі мүмкін, мүмкін біреу сенің өміріңе қызығатын шығар...бұл туралы ойланып көр)))
+6 дауыс
Димеке өмір керемет күл, ойна, жүр, уақытыңды көңілді өткіз. Сенің жаран жеңіл. Қыз кетті деп, қаймықпа. Сүйгенінді ұмыту үшін уақыт керек. Бірақ сол уақытты сары уайыммен өткізуге  кім міндеттеді? Әр істің, өз себебі болады. Мысалы: Сені қыз тастап кетті делік, сені алда ол қыздан 10 есе артық қыз күтіп тұрған шығар. Өмірінді жандантыратын да, құртатын да ғашықтық. Ия, ия білемін ешқандай желание жоқ. Бос уақытың көп, көбіне агенттен шықпайсың. Алтын уақытын босқа кетіп жатыр, қосымша іс тауып ал. Білімінді жетілдіре бер, болашақ мамансың. Осының бәрі өзіме іс жүзінде іске аспайды. Кетем деген қызды өз жолымен жібер. Енді арақ ішіп, темекі шексең аузын қисайып қалсын). Мен мысалы қазір гитараны өзімнің досым қылып алдым, ол өмірімдегі ең адал досым.
ЗЫ:  Не ғо бұл ақыл немесе кеңес емес. Жәәй жұбату.)
бәуірем қайда жүрсің? барсың ба? осы кеңестер (жұбатулар) өзіңе де жұғысты болсын )) агентке кір еркелемей
+3 дауыс
Намаз оқы ең дұрысы сол!
+2 дауыс
Бәрі жақсы болады әлі ақ көресін! Уайымдама!!!
+2 дауыс
Менің де басымнан соңдай жағдайлар өтуе. Күнде өзімді көңілсіз сезінем, қатты ойланып жүрмін!!!!
Мына сұрағымды қайта кездестіргенім қандай жақсы болды десейш... Сенде қазір осы жағдай ма? УАЙЫМДАЙ берме, бәрі де жақсы болатынына сене біл, әдебиетке қызық, ең дұрыс шешім осы болды, Бұл менң сұрағым еді, қазір шүкір, бәрі өте керемет! Хехе, қазір күлдім, сол кезде мені тастаған қыз он рет жігіт ауыстырды, қайта қосылғысы келіп өкінді, кеш түсінді))) Сондада қазір сол қызға ризамын, соның тікелей таныстыруымен керемет қызбен жолықтым, Білімі де, сұлулығы да он есе асып түседі, айтайын дегенім бұл емес... Әдебиетке қызық, барлығы жақсы болады, барлығы әлі-ақ өзгереді! Мен соғар реально 100 000 000 пайыз сенімдімін, түсінем, айту оңай, ерсі көрінер, кейін түсінерсіз...
Аха. Рахмет сізге!!!
+1 дауыс
Айтылған жауаптардың барлығы дұрыс сияқты, бірақ психолог маманның көмегіне неге сүйенбейсіз. Ия, бәрін бір алладан сұраңыз. Сонымен қатар ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз ғой "тыныштандыратын" дәрі ішуге қалай қарайсыз, жаныңызды қинағанша бір апта, он күндей ішсеңіз болады. Өз басымда болатын қиын сәттерде "Персен" ішіп алып "спокойна" жүре берем.
менімше сізге ғашық болу керек.сол адамыныз ушін өмір сүрініз,сол бақытты болсындеп қолыныздан бар келгенін жасаныз,сол адамнын көнілін ауланыз,бірақ қатты емес.соны оланыз.сол адамды ойлаймын деп озініздің стрестерінізді ұмытасыз
Cіз мен қате түсіндіңіз. Ия, мен ғашықпын, өзімнің өмірлік серігіме. Бірақ өмір тек махаббаттан тұрмайды ғой.
0 дауыс
менің басымда да қазір дәл осындай жағдай . . .
...