0 дауыс
Көктөбе деген қай жерде?

Суреттерімен болса?
29.06.2014 11.1k қаралым

3 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
Көктөбе Алматыда орналасқан демалыс орындарының бірі. Көктөбе жайлы мәлімет. image image Көктөбе көп төбенің бірі емес, ол Алматының ең қадірлі жерлерінің бірі. Мұнда көбіне өздеріңіздей жастар көп жиналады. Сырттан, әсіресе, шетелден келген қонақ­тар Көктөбеге соқпай кетпейді. Көктөбе - Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары т.б. орналасқан. Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады. Байланыс телефондары - 320-12-01, 320-13-16 Көктөбеге тартулы арқан арқылы әуеде қалықтап жеткіңіз келсе, Достық даңғылында ("Арман" кинотеатрының жанында) орналасқан нысанға келіңіз. image Жұмыс жасау уақыты - 11.00 - 24.00. Бағасы - 1000 теңге. Микроавтобуспен 300 теңге төлеп шыға аласыз. Ал 500 теңге берсеңіз, қайтарда да жаяу түспейсіз. 7 жасқа толмаған балалар үшін кіру ақысы тегін. Ал егер жаяу түсіп-шықпақ болсаңыз, 100 теңге төлейсіз. Мұнда «FastCoaster» аттракционы, алма белгісімен сәнделген "Тілектер" су бұрқағы және "Юрта" мейрамханасы бар. Көктөбеде Алматыны алақаныңызға салып, серуен құрғыңыз келсе, әсіресе түн кезінде келіңіздер. Өйткені түнгі қала көрінісі сіз күткеннен де әдемі. image
29.06.2014
Ммм рахмет!
0 дауыс
Алматы қаласының оңтүстік-шығысында.

image
29.06.2014
0 дауыс
Көктөбе – Іле Алатауының бөктеріндегі көрікті жерде орналасқан төбе. Алматы қаласының оңтүстік-шығысында. Абсолют биіктігі 1070 м, салыстырмалы биіктігі 370 м-дей. Беткейлері тіктеу келген. Оларда бұта, жусан аралас таудың әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндері өскен. Көктөбеде биіктігі 372 м болатын телевизиялық мұнара, қала тұрғындарының демалыс аймақтары, т.б. орналасқан.Көктөбе – Алматы қаласына панорамалық шолу жасайтын орын саналады.
29.06.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы