0 дауыс
444 көрілді
Ең алдымен қазақтың «КинЭС» рекордтар кітабына кіргелі отырған surak-zhauap.kz қазақ тілді ашық қоғамы жайлы ақпарат беріп өтсем. Бұл сайтта 20 мыңнан аса қолданушы бір-бірімен еркін сұрақ-жауап алыса алады. Қазіргі уақытта бұл сайттың қоржынында 50 мыңға жуық сұрақтар мен 125 мыңға жуық жауаптар бар. Бір күннің ішінде бұл сайтты 38 мың адам пайдаланады екен. Сайт ішінде егер сұрақ қойсаңыз, жауап берсеңіз, жақсы жауап алсаңыз, сізге ұпайлар беріліп, алтын, күміс асықтармен бағаланады. Ең көп ұпай жинаған сайын сіздің сайттағы дәрежеңіз жоғарылап, сайтта еркін әрекет ету күшіне ие боласыз. Негізінен пайдалы сайттар деп – көбіне білім жағынан қарастырамыз. Ал, осы аталған сурақ-жауап сайтының негізгі бетінде ұлттық нақышымыз бен құндылықтарымызды дәріптейтін Батырлар жекпе-жегі – «Жекпе-жек», «Жамбы ату», «тоғызқұмалақ» математикалық ойыны, IQ doda зияткерлік ойындары орналастырылған.

7 жауап

0 дауыс
сандардан жаңылысыпсың. Сосын анадай ойындар бар ма не?
0 дауыс
Қате таппадым.                                     .
0 дауыс
Менінше бәрі дұрыс сияқты!
0 дауыс
Қандай қате барлығы да дұрыс. Бiрақ бұл сайт КинЭС рекордатар кiтабына кiргелi жатырғаны қаншалықты шындық? Сосын мына жерi қисынға келмейдi? Бұл сайтта 20 мыңнан аса қолданушы бір-бірімен еркін сұрақ-жауап алыса алады. Ендеше қалай бір күннің ішінде бұл сайтты 38 мың адам пайдаланады екен.
Тіркелмеген қолданушылардың да кіретінін айтып отырған болар
Бір адам екі рет кіруі мүмкін ғой ( Айпи адресин озгертип)
0 дауыс
Мен ешкандай кате таппадым,менинше бари дурыс сиякты
+1 дауыс

Ең алдымен қазақтың «КинЭС» рекордтар кітабына кіргелі отырған surak-zhauap.kz қазақ тілді ашық қоғамы жайлы ақпарат беріп өтсем.

Жақсы ниет, бірақ Қазнетте де керемет сайттар көп болғандықтан әлі біраз терлеу керек.

Бұл сайтта 20 мыңнан аса қолданушы бір-бірімен еркін сұрақ-жауап алыса алады.

20000 бола қоймас, себебі тіркелгендер саны 35000 ға қарай аяқ басқанымен  белсенді қолданушылар саны 60-70 тің  ғана айналасында.

Қазіргі уақытта бұл сайттың қоржынында 50 мыңға жуық сұрақтар мен 125 мыңға жуық жауаптар бар. Бір күннің ішінде бұл сайтты 38 мың адам пайдаланады екен.

Бұл сандардың бәрі қате, қоржындағы сұрақтар саны 81114, жауаптың саны 201051 деп тұр емес пе?

Қалғандары жөнге келетін сияқты, бірақ солардың қайда екенін мына жаңа дизайппан өзім де таппадым))

 

0 дауыс
Мынаның бәрі қате-қате ғой деп айтпаймын, дұрыс сияқты.

Ұқсас сұрақтар

...