БАҚЫТ ДЕГЕН НЕ?
Б-дан басталар Байлық пенен Батырлық.
А-дан басталады Арман мен Адалдық.
Қ-дан басталар Қуаныш пен Қайсарлық.
Ы-дан басталады Ырыс пенен Ынтымақ.
Т-дан басталар Тіршілік пен Тазалық.
Адам үшін бағалысы жақұттан,
Ол-Бақыт, бес әріптен құралған.
Бақыт-ол сенің жарық дүниеге келгенің,
Бақыт-ол сенің алқашқы қадам басқаның,
Бақыт-ол сенің алғашқы мектепке барғаның,
Бақыт-ол сенің бауыр менен туысың,
Бақыт-ол сенің көрші, ағайың, жолдасың,
Бақыт-ол сенің дұрыс арман мен мақсатың,
Бақыт-ол сенің сенімің мен үмітің,
Бақыт-ол сенің өмір сынағына сынбай, қайта тұрғаның,
Бақыт-ол сенің кек сақтамай, кешірімді болғаның,
Бақыт-ол сенің имандылық, тазалық, адалдығың,
Бақыт-ол сенің Бақытты болғаның,
Бақытты болу, ол сенің міндетің мен парызың!
БАҚЫТ
Іздемегін Бақытыңды жырақтан,
Біле білсең, Бақыт-сенің бойыңда!
Өмір деген тұрады сан сұрақтан,
Айналдырма қымбат сәтті ойынға!
Бұл өмірден сан ғасырлап көп адам,
Бақыт сырын өтіп кеткен біле алмай.
Бақытты олар сырттан іздеп, сандалған,
Уақытын жоғалтып ап, күле алмай!
Бақыт деген адамның өзінде екен
Ақ жолынды биікке жалғайды екен.
Ойы жақсы адамның көзінде екен,
Бақытың сенен өкшелеп, қалмайды екен.
бақыт деген ол канағатшылдық. қанағатшыл адам ол әр-бір сәттің бақытын сезіне алады.
мысал келтірер болсақ (Алла басқа салмасын) егер қымбат шетелдік көлігіңді соғып алсаң, сол сәтте ШҮКІРШІЛІК етіңіз соғылған көліктің бөлшегінің орнында сіздің бір мүшеңіз болмағанына. не қандайда бір денеңізді жарақаттап алған жағдайда шүкіршілік етіңіз сол жарақат сіздің өміріңізге аса жауапты мүшеңіздің болмағанына.