+3 дауыс
7.7k көрілді
Құнды қағаз деген сөзді жиі естимін. Бірақ ол қандай қағаз екенін білмейді екенмін. Құнды қағаз дегенде көз алдыма 1000 евро, доллар, 10 мың теңгеліктер келеді. Құнды қағаздар деп осыларды айтушы ме еді?

6 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Құнды қағаздардың ең көп тараған түрi – акция мен облигация. Олардың арасындағы айырмашылық мынадай: акция сатып алғанда, сiз акционерлiк қоғамның капиталына өз үлесiңiздi қосқаныңыз жөнiнде куәлiк аласыз және тең қожайынға айналасыз. Облигация сатып алғанда, компания немесе мемлекеттiң кредиторы боласыз. Олар сiздiң борышкерiңiзге айналып, облигацияңызды сатып алуға мiндеттенедi. Акция – дивиденд түрiнде табыс әкелсе, облигация – процент түрiнде пайда әкеледi. Ең негiзгiсi – бағасы көтерiлген құнды қағазды сату арқылы түскен пайда.
Жаксы ұнады
Жаксы ұнады  растаимын бізге апай дəл солаи түсіндірген келісемін
–1 дауыс
Құнды қағаз-ол ақша!
+1 дауыс

Менің ойымша ол Акция сияқты. 

Акция (нидер. aktіe , нем. aktіe, лат. aktіү - қарамағына беру, рұқсат беру) — акционерлік қоғамды немесе кәсіпорындыдамытуға қаржы салғанын куәландыратын және оның иесіне акционерлік қоғам пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуына құқық беретін құнды қағаз.

Толығырақ.

+1 дауыс

Қарапайым айтқанда, мысалға сізде өнім шығаратын бір зауыт бар делік, (түсінікті болу үшін алма ағашы) оны күтіп-баптау шығындарын өзіңіз өтей алмағандықтан немесе көп пайда табу Акционерлік Қоғам (АҚ) құрып ол ағашты көршілеріңізге сатуға шығарасыз. Акцияның 10 пайызын сатып алған адам 10 пайыз жемісіне ие болады. Акцияның ең көп бөлігіне ие болған адам басқару құқығына ие болады. Егер бір жылы ағашыңыз жеміс бермей қалса акцияның құны түсіп кетеді (берген өніміне қарай жоғары-төмен көтеріліп отырады)

АҚ-ның екі түрі бар Ашық АҚ және жабық АҚ. Жабық АҚ-ның акциялары тек қана шектеулі адамдарға ғана сатылады. Ал ашық АҚ-ның акцияларын кез-келген адам сатып алуға болады. Бұл сатып алу-сату Биржа деген мекемеде жүргізіледі 

Қазақстандағы ең ірі АҚ лар КазтрансОйлКазахтелеком т.б.  сайтарынан акцияларының құндарын білуге болады

+1 дауыс

 

Бағалы қағаздар

Құнды қағаздар сатып алатын әрбір адам,жалпы айтқанда, өзінің болашағына инвестициялайды. Және инвестициялауды неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым ұтады. 

Біздің қарттығымыз ішінара зейнетақы жинақтарымыз есебінен қамсыздандырылады. Дегенмен, қандай да бір жұмсалмаған қаражат қалса, заттар, тұрмыс құралдарын немесе автокөлік сатып алғаннан гөрі, белгілі бір табысты қазақстандық компанияның акцияларын немесе облигацияларын сатып алған жөн. 

Сатып алған кез–келген затыңыз уақыт өте келе жарамайтын болып қалады немесе үнемі жөндеуден өткізуді қажет етеді. Ал қағаздардың қымбаттай түсетін қасиеті бар, олар өзінің иесін және оның ұрпағын байытады. 

Құнды қағаздарды екі негізгі категорияға бөліп қарастыруға болады: үлестік (акциялар) жне қарыздық (облигациялар). 

Үлестік құнды қағаз – бұл Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайларда өзінің иесінің мүліктен белгілі бір үлесін растайтын құнды қағаз. 
Қарыздық құнды қағаздар — эмитенттің (қарыздардың) осы құнды қағаздарды шығару талаптарымен негізгі қарыз сомасын төлеу туралы міндетін растайтын құнды қағаздар. 

Құнды қағаздар шығару үлгісі бойынша бөлінеді:

1) құжатты және құжатсыз; 

2) эмиссиялық және эмиссиялық емес; 

3) атаулы, көрсетуші және ордендік

Құнды қағаздар нарығында өтімділік аса маңызды рөлге ие. Өтімділік активтердің нарықтың құнымен шамалас бағамен тез сатылып кету қабілеті болып табылады. Тәжірибеде өтімділігі жоғары, өтімділігі төмен және өтпейтін активтер/құнды қағаздар түрлері бар. Актив үшін оның толық құнын алу қаншалықты оңай және тез болса, ол соншалықты өтімді деп саналады. Мемлекеттік құнды қағаздар, халықаралық ұйымдардың құнды қағаздары, сонымен қатар листингтің (ең сенімді және ірі) жоғарғы категориялы корпоративтік құнды қағаздары ең өтімді деп саналады. 

Тәуекел қаншалықты көп болса, өтімділік соншалықты төмен. 

Құнды қағаздардың жеке түрлерін толығырақ қарастырайық.

- Акциялар

- Облигациялар

Валюта нарығы 
Әлемдің нарық 
Шикізат нарықтары 
Акциялар 
Облигациялар 
Опциондар/фьючерстер 
Биржадан тыс

Біз Сізге инвестициялау облысында тура жолмен жүру үшін қажетті ақпаратты жинауға тырыстық, – біздің «Мен инвестормын» атты кітабымызды оқыңыз. 

- Инвестициялау не үшін қажет? 

- Инвестициялау ережелері 

- Акцияларды/облигацияларды қалай алуға болады? 

- Брокерлік ұйымдардың тізімі

- Егер сұрақтарыңыз бар болса, сұраңыздар бізден.

- Формуда бізбен бірге талқылаңыз, және өз ақшаңызды басқаруды үйреніңіз.

- Біз Сіздер үшін инвестициялау және нарықтардың қазіргі жағдайлары туралы қызықты басылымдар жинаймыз.

Бағалы қағаздар және олардың түрлері 

Акционерлік қоғамдардың акциялары 

Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз. 
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционерлер деп аталады. оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіп облигацияны сатып алушысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім- шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдаида оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды.Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. 
Егер акционерлік қоғам тиімді тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады. 
Бағалы қағаздар нарығынды, бірінші кезекте қор биржасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде қоғам партияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді:оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі- акционрлік компанияның резервтері бағытталып және оның капиталын ұлғайтуүшін немесе өндіріс құлдырауға не дағдарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді. 
Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық резервтер»деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақталға қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивиденттерді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иенушілері болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмендеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтаса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады. 

Акционерлік Қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы барысында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті дивиденттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акция келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акциясы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияның номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негінде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады. Бұл жағдайда деңгейі (рендит)мына формула бойынша есептеледі: 


Рендит=Дивидент/Сатып алу бағасы *100 

Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағамы бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс көрсеткіші келесідей болады: 


10* 100/250= 4% 

Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасын өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша біршама табысты қамтамасыз ету мүмкін. Демек, екінші бір сәт - бұл акция бағамының өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді. 
Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгеіне байланысты. Акция бойынша төленген дивидент бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі - акция бағамының жоғарлауы немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағамы төмен болады немесе керісінше. Айталық 100 номиналдық құны бар акция жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік, ал қарыздық пайыз деңгейі - 4% жылдық мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз. 
Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды: 

Акция бағамы= Дивидент/ Қарыздық пайыз *100 

Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арасындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бірқалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде қатты байқаулы мумкін. Дағдарыс кезінде, дивиденттердің мөлшерінің азайған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары шегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді. осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс активтерін иеленушілер кеңінен қолданады. 
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көптеген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағынан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебі акционерлік қоғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттын несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік коғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді. 
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады. 
Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті «қаржылай» ой- пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады. 
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайдашамасы, көбейтілген бағам/ бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына. 
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Мәлімдеуші акциялар - бұл оның иесі компанияның акционерлі екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару шығару барысынды акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға мән береді. 
Акцияның әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. 
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте қолайлы. Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Ббұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін. 

Сондай -ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді.Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артыкшылыктарды қарастырады.Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрі белгілі бір артықшылықтары қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшыларды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы белгілі болғанда дейін төленеді. 
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғам қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан аблигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивидент өсуіне жол бермейді.Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлу қатынаса алмайды. Артықшылығы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% деңгейінен асқанжай акциялардың дивидентінің әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар бойынша 0,5%- дан дивиденттің ең жоғарғы деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артылықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылығы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін бөлісуде артықшылық құқықтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады. 
Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық құнынан жоғары шамадағы сома төленеді немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша өтеді. Сонымен қатар, бар акцияны иеленушілер үшін АҚ жойылуы барысында орын алатын жағымсыз жақтары да бар.Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған жасырын резервтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы олардың номиналдық құнынан біршама жоғары мөлшерде өтеледі. 

Бағалы қағаздардың нарығын реттеу 

Бағалы қағаздар нарығын құру және дамыту шаруашылықты бір орталықтан қаржыландырудың тиімсіз жүйесін және салааралық қайта бөлуді өзгертуге, нарықтық құрылымдардың инвестицияға деген сұраныстарын қанағаттандыруға және бұл нарыққа салааралық капиталдың қайта құйылуын реттеуші болуға, ірі кәсіпорындар мен банктер жұмысының барометрі болуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы экономиканы көтеруге мынадай шараларды іске асырғанда ғана ықпал етеді: тауар нарығын қалыптастыру, монополиясыздандыру, шығын кәсіп орынды қолдау, ақша айналысын нығайту. 
Тауарлар мен қор құндылықтарының биржалық саудасы таяу арадағы ресурстардықолдандыру жүйесін және бір орталық капитал жұмсалудан үйлестіруден тауарлар және қаржы тасқындарының нарықтық реттеу әдісіне өтуге мүмкіндік жасайды. Акцияларды шығару мемлекеттік құрылымдары мемлекет иелегінен алудың ең басты құралдарының біріне және заңды тұлғалардың ақшалай табыстарын жұмылдырудыңтиімді құралдарына айналуда. Сондықтан да бағалы қағаздар нарығында қатынасушылардың барлығының алдында бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың теориясы мен техникасын игеру; биржалық істі регламенттеуді үйренуң мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлеу және жекешелендіруге байланысты іс-тәжірибелерді игеру міндетті тұрады. 
Бағалы қағаздар нарығының міндеті- бағалы қағаздарды сатушылар мен сатып алушылардың көңілінен шығатын бағада инвестицияға толық қаражат жұмсауды қамтамасыз ету болып табылады. 
Бұл міндеттерді шешу бағалы қағаздар нарығында қызмет түші делдардардың – брокерлер мен инвестициялық дилерлердің қатынасуынсыз мүмкін емес. Тек қана солар бағалы қағаздар нарығын қандай жағдайда да, қашан, қандай шартпен және қандай бағалы қағаздар шығару қажет екендігін біледі. Бұл жерде брокер бағалы қағаздарды сатушыларды сатып алушылармен кездестіріп, ол үшін комиссиондықақы алса, ал инвестициялық дилер өз есебіненжәнеөз атынан бағалы қағаздарды сатып ала отырып, кейіннен қайта сатады. Қайта сатудан түскен түсім, оның пайдасын құрайды. Өз жұмысында брокерлер және дилерлік операцияларды жүзеге асырушы ірі инвестициялық компаниялар ішкі бағалы қағаздар нарығының басты тұлғалары болып саналады. 
Қазақстан Республикасының заңды көрсетілетін бағалы қағаздар нарығының негізгі идеологиясы келесідей қағилардан тұрады: 
-әрбір потенциалды инвестор ушін бағалы қағаздарды эммисиялаудың барлық түрлері бойынша толық және тура ақпараттардың болуы; 

-бағалы қағаздар нарығының қатынасушыларының (инвестициялық фирмалардың, қор биржалары және тауар биржаларының қор бөлімдері, брокерлер фирмалар және т.б.) біліктілігі. 
Бұл аталған мекемелердің жұмысындағы кәсіби сапасы туралы қойылатын талаптардың маңызы арта түседі. Инвестициялық қор ретінде құрылатын кез келген заңды тұлғаның штабына бағалы қағаздармен жұмыс жасай алатын маманның болуы міндетті. Ол алғашқы және қайталама бағалы қағаздар нарығының дамуы туралы хабарлар болуға тиіс. 
Қазақстанда нарықты объективті түрде реттеу үшін мыналар қажет: біріншіден, оның мемлекеттік сектордың кәсіпорындарымен қатар, жеке орта бизнесті, сол сияқты үкімет бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін қажетті ресурстарды іздестірумен тікелей байланысты болуы; екіншіден, республика азаматтарына бағалы қағаздар сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін үкіметтің жекешелендіру стратегиясымен байланысты болуы; үшіншіден, ақша массасына Ұлттық банк жағынан бақылау жасауда жаңа жанама механизмдерді қалыптастыру үшін, мемлекет жағынан нарықты реттеудегі біліктілік республикамыздағы нарыққа өтудегі жаңа көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. 
Бізбің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең өзекті, бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады. 
Қор нарығын мемлекеттік реттеудің қажеттігін әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Ол әр елдегі өзіндік ерекшеліктерге қарай ескерілетін жағдайда, мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістерінің ортақ үлгісін жасайды. 
Қазақстанда енді қалыптасқан қор нарығы әзірге жеткіліксіз жағдайда реттеуде. Оған қол жеткізу үшін инвесторлардың мүддесін қорғайтын және бағалы қағаздар нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ететін заңдылықтарды тез арада дайындау қажет. 
Бағалы қағаздар нарығына қатысты мемлекеттік саясаттың негізін жасауда өзін-өзі реттеу қағидасы көңіл аударуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік саясат бұл сферадағы жеке кәсіпкерлікті марапаттауға бағытталуы тиіс. 
Бағалы қағаздар айналысы сферасындағы жеке бастаманықолдауға шаралармен қатар, қор нарығы субъектілерінің қызметіне мемлекеттік, әкімшілік және жанама (экономикалық) бақылау қою шараларынының жүйесін жасау, сол сияқты экономикалық қор секторындағы нарықтық ортаға толық мемлекеттік араласу жүйесін дайындау қажет. Экономикалық бақылау шаралары мемлекеттік қызмет арқылы дербес нарық агенті ретінде жүзеге асуы тиіс. 

Бағалы қағаздар нарығына мемлекеттік ықпал етудің мақсаты мынадай: 
-макроэкономикалық теп –теңдікті қамтамасыз ету; 
-нарықтық ортаның бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету; 
- бағалы қағаздар нарығы агенттерінің мүдделерін құқықтық және экономикалық қорғау; 
Құқықтық қорғау: бағалы қағаздарды әкімшілік-мемлекеттік тіркеу; бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатынасушылардың қызметтеріне лицензиялар және сертификаттар беру, бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері, шетел инвесторларын бағалы қағаздар нарығына жіберу ережелері. 
Экономикалық қорғау: бағалы қағаздармен жасалынатын операциялар бойынша салықтық жеңілдіктер жүйесін жасау және қолдану; мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялар жолымен нарықтағы сұраныс пен ұсыныс реттеу. 
Нарық экономикасы дамыған елдерде инвестициялық бизнесті бақылауға және реттеуге мүмкіндік беретін, яғни заңдар мен арнайы органдан басқа да сол саланың өздерінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеуді қамтамасыз ететін «заңдар» мен «ведомостволар» бар. 
Өзін-өзі реттеу екі негізгі элемент арқылы анықталады: 
-стратегияны анықтаумен айналысатын ұйымдардың өздері мәміле жасау тәжірибесіне қатысады; 
- өзін-өзі реттеуші ұйымдар қоғамдық органдар есебінен емес, негізінен нарықтың есебінен қаржыландырады. 
Өзін-өзі реттеу жүз жыл бойы қалыптасып өзінің тиімділігін сақтап келеді, себебі, бұл бағалы қағаздар нарығына қатынасушылардың экономикалық мүддесінде болады. Қазіргі өзін-өзі реттеу, мемлекеттік реттеумен қатар, бағалы қағаздар облысындағы бизнес үшін тиімді реттеу құралы болып қала беруде.. 
Өзін-өзі реттеу өзінің көп жылдық іс- тәжірибесінде нақты нарықтардың талабын және жергілікті сұраныстарды, жергілікті бизнес тәжірибелерінің ерекшеліктерін, жұмсалымдарды қорғау, кедендік, құқықтық және саяси талаптарды ескеру қажеттігін басынан кешті. 
Соның нәтижесінде әр түрлі дәрежеде өзін-өзі реттеу қалыптасты. Мемлекеттік және өзін-өзі реттеуші ұйымдардың арасындағы ынтымақтастық, жүйенің өміршендігінің маңазды шарты. 
Өзін-өзі реттеудің 4 ұйымдастыру құрлымы болады: өзін-өзі реттудің үлестік құрылымы; қызметтері жеке көздерден қаржыландырылатын тәжірибелі бизнесмендер кеңесі; өзін-өзі реттеуші жүйемен ынтымақтастықты жұмыс жасайтын мемлекеттік департамент. 

Ұйымдарға заң бойынша немесе үкіметтік тарапынан өзін-өзі реттеуге байланысты өкілеттік берілген. Бұл өкілеттік диапазоны елдің типіне байланысты ажыратылады. Негізінен өзін-өзі реттеу үш сфераны қамтиды: нарықта жасалатын мәмілелерді реттеу; нарыққа қатынасушылардың облысында реттеу; сұраныстарды реттеу; нарыққа қатынасушылар облысында реттеу; сұраныстарды орналастыру тәртібі және атқаратын қызметтері. 
Бұл өзін-өзі реттеу сфералары: екінші реттегі нарықтағы бағалы қағаздарды анықтауды; нарықтық ақпарттарды сауда-саттық ережелерін; мәмілелерді тексеру және орналастыруды брокерлерді және өкілдері лицензиялауды; брокерлерге қойылатын басты талаптарды, коммерциялық этикалар кодексін атқару және тәртіп процедураларын қамтиды. 
Ведмостволармен өзін-өзі реттеуді қамтамасыз етушілерге қор биржалары жатады. Оның жұмысының қағидасының негізгі - нарықтың өтімділігі. Өтімді нарық жеке мәмілелерімен, мәміледен мәмілеге өтудегі аз ғана ауытқу және сатып алушылар бағалар арасындағы аз ғана алшақтықтын болуымен сипатталады. Мұндай нормалардан ауытқу қолайсыз жағдайларды туғызып, инвесторлар арасында дүрбелеңге жол береді. Биржадан басқа реттелген нарықты кездестіру қиын. Мұндағы брокерлер фирмаларды әр басқан қадамы, яғни биржадан орын сатып алуға өтініш беріп, биржалық мәміле жасағанға дейінгі қадамдарында биржаның әкімшілігінен комитеттерімен дайындалған көптеген нормалармен реттеліп отырады. 
Инвестициялық бизнес жұмысшыларының кәсіби бірлестіктері де биржалар сияқты, бағалы қағаздар туралы заңдылықтарды өздерінің мүшелерінің орындауына толық жауап береді және инвесторлардың мүдделеріне сай, шыншыл тепе- тендік; олардың қызметтерін реттеуге құдіретті болып келеді. 

0 дауыс
Менде акция бар 96
...