+1 дауыс
318 көрілді

Прокурорлар кәсіпкерлермен кездесті

18 маусым 2014 жыл
Алматы қаласы

Түрксіб ауданы прокуратурасының қызметкерлерімен шағын және орта бизнес субъектілерін тексеру жүргізуге жарияланған мораторий талаптарына түсініктеме беру мақсатында,  2014 жылдың сәуір айынан бастап,  яғни мораторий жарияланғаннан кейін аудан аумағында тіркелген кәсіпкерлермен кездесулер ұйымдастырылды.

Салық органынан алынған мәліметтерге сәйкес, негізгі қызметтері сауда мен қызмет түрлерін ұсынуға байланысты  аудан аумағында соңғы өткен 2 айдың  ішінде 120  шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.

Кәсіпкерлердің бизнес жүргізуіне одан әрі қолайлы жағдай туғызу мақсатында,Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығыменшағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге  мораторий жарияланғаны белгілі. Аталмыш жарлықтың жүзеге асырылуы мен осы бағыттағы заңдылықты қадағалауды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына жүктелген.

пракуратура 

Дүкендер желісін дамыту бойынша директор Игорь Ильин («Пышка» кафе-дүкені ):

Біз ағымдағы жылдың сәуір айында ашылдық, біздің объектіге прокурордың өзі келіп, тікелей күнделікті қызметімізге қатысты мәселелер бойынша түсініктеме береді  деп ойламаппын. Ол біз үшін өте маңызды. Мен мораторий жарияланғанын білетінмін, алайда оның қолдану аясы жөнінде маған белгісіз болатын. Сонымен қатар, бізге Елбасы жарлығынан үзінділер және прокуратураның жедел топтарының телефондары жазылған жадынамалар берілді. Осы берілген жадынамаларды мен міндетті түрде таныс кәсіпкерлерге таратып беремін, оларға да қажет болып қалар. Әрине мемлекет тарапынан осындай қолдауды сезіну өте ғанибет.

Түрксіб ауданының прокуроры  Тимур Атжанов:  

Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен кәсіпкерлікті дамыту мен қорғауға бағытталған  келелі  іс-шаралар қабылданып келеді. Мысал ретінде Елбасының жарлығымен жарияланғанмораторийді айтуға болады. Бас прокуратура басшылығымен жергілікті прокуратура органдарына қойылған негізгі мақсаттардың бірі Елбасы жарлығының  бұлжытпай орындалуы және талаптарының бұзылмауына қадағалау жүргізу. Сондықтанда, кәсіпкерлермен кездесу жүзінде жүргізіліп отырған осындай акцияның мақсаты  мораторийдің талаптары мен осы саладағы прокурорлардың қызметі туралы кәсіпкерлерге кеңінен насихаттау болып табылады. Барлық кәсіпкерлерге мораторийдің қолдану аясына түсініктеме беріліп, бақылаушы органдар тарапынан орын алатын заңсыз әрекеттеріне шағымдану үшін, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша жедел топтардың телефон нөмірлері көрсетілген жадынамалар таратылды.

Осындай іс шаралардың арқасында кәсіпкерлердің белсенділігі артып келеді. Мәселен 2012 жылдың қорытындысы бойынша аудан прокуратурасының сенім телефонына бірде бір қоңырау шалынбаған болса, 2013 жылы 12 қоңырау түскен ( 2-і бойынша тиісті шара қолданылған), ал 2014 жылдың 5 айлық қорытындысы бойынша 13 кәсіпкер хабарласқан, соның ішінде 3 бойынша шенеуніктерді жауапкершілікке тарту мақсатында прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...