0 дауыс
14.8k көрілді
Он жыл бойы нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едің бәріміз
Он күндей боп он жыл өтті кездестік
Бас қосуға арналады әніміз

2 жауап

+1 дауыс

Әннің минустары мен текстілері бар мына сайтта қазақша әндердікі. 

0 дауыс

Б.Дәлденбаев - Кездесейік әнінің сөзі


Он жыл бұрын нұрға толы жанымыз
Арман қуып кеткен едік бәріміз
Он күндей боп он жыл өтті, кездестік
Бас қосуға арналады әніміз


Қайырмасы:
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік



Мериуерт толы, маржан толы көңілден
Бал бақыттың әсем әні төгілген
Дүниеге кірпіш болып қаланып
Орнымызды таптық бүгін өмірден


Қайырмасы:
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік



Бір ұядан түлеп ұшқан құстарымыз
Жақсылық пен адалдыққа құштармыз
Еңбекпенен тіршілікке сән беріп
Достық туын әркез биік ұстармыз


Қайырмасы:
Достар, достар кетсек те біз есейіп
Бар қызығын өмірдің бір кешейік
Он жыл өтсін, жыл жиырма, жүз жыл өтсін
Амандықпен әрқашан кездесейік
Жүздесейік

...