0 дауыс
15.3k көрілді
Стиральный машинасыз көптеген үй бикелері қиындыққа тап болса керек. Уақыт үнемдеп ғана қоймай , өзі кептіріп береді. Керемет емес пе?! Осы кір жуғыш машинаны кім ойлап тапқан және қай жылы?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

1851 жылы Джеймс Кинг барабанмен айналатын, қазіргі кір жуғыш машинаға ұқсас техниканы өз есіміне патенттеді. Бірақ машинаны жүргізетін механизм, қолмен басқарылатын еді.

1900 жылы, сүт тартатын машина шығарушы, неміс фирмасы MIELE&CIE, ағаштан жасалған майшайқағыш машина өндіре бастады. Сол кезде Карл Миленің ойына, осы механизмді дамытып, кір жуғыш машинаға айналдыру идеясы келді. Сол жылдары осындай машиналар жаппай сатылымға шыға бастады. Бұл идея басқаларға жетіп, ағаштан жасалған кір жуғыш машинаны еуропалық көп фирмалар өндіре бастады. 

1908 жылы - алғашқы электр қуатымен жүргізілетін механизмі бар "Thor" есімді кір жуғыш машина ойлап шығарылды. Оны 1910 жылы Чикагодағы "Hurley Machine Company" деп аталатын компания өзіне патенттеп алды.  Машинаны ойлап тапқан Алва Фишер тарихқа электрлі тұрмыс құралдарының жаңа класын ойлап табушы ретінде енді. 

Дерек көзі осы, осы жерден алынды. 

 

0 дауыс
Hurley  Machine company ашқан 1908 - жылы
...