0 дауыс
51.0k көрілді
Алғашқы машинаны(көлік) кім ойлап тапты ???

4 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Қозғалатын көліктің ең алғашқысы 1769 жылы Николас Джозеф Кагнот құрастырып шығарған бумен жүретін көлік еді. Бұл сол кездегі Францияның соғыс министрі Этьен-Француаның тапсырмасы бойынша қолға алынған жоба болатын. Министр әскери құрылғыларды тасымалдау тиімділігі үшін жаңа қозғалыс құралы қажет деп есептеді. Соның нәтижесінде Кагнот пен тағы бір әскери механик Брезин Париж Арсеналында алғашқы автомобильді құрастырып шығарды.

 Бірақ 5 тоннаға дейін жүк тиеуге болатын бұл көліктің жылдамдығы сағатына 4 шақырымды ғана бағындыра алатын еді.

 Ал жанармаймен жүретін алғашқы автоның авторы Карл Бенц саналады. Ол 1885 жылы үш дөңгелекті үш орындық көлік жасады. «Ал әлемдік қолданыста өзінің ең алғаш өміршеңдігін көрсеткен 1886 жылы Готлиб Даймлер құрастырған автомобиль болды» деп санайды автокөлік тарихын зерттеушілер.
0 дауыс
Автомобильдің қысқаша тарихы

Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады.

Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.

Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.

Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған.

XIX ғ. соңы – XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді.

XIX ғ. соңы – XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.

Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.

Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.

Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады.

20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды.

Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.

Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады.

1. Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады.

2. Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі.

3. Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады.

4. Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.
[өңдеу]
Автомобильдің технологиялық даму хронологиясы
1680 — Жұмыс істейтін бірақ қолдануға жарамсыз алғашқы іштен жану қозғалтқышын 1680 жылы Голландиялық Christiaan Huygens жасады. Жарғыш дәрінің жануы арқылы жұмыс атқаратын поршеньді машина еді.
1698 — Ағылшын Thomas Savery алғашқы бу машинасын жасады.
1769 — Ағылшын James Watt ұзақ уақыт жұмыс істейтін бу машинасын жасады.
1769 — Өздігінен қозғалатын алғашқы көлікті француз инженері Fardier және артилеррия капитаны Nicolas Joseph Cugnot (1725-1804) жасады.  
 1769, Fardier
1787 — Oliver Evans Америкада жолаушы таситын көлік жасады.
1801 — Англияда Richard Trevithick бумен жұмыс істейтін автомобиль жасады.
 
 Richard Trevithick автомобилі, 1803
1824 — Іштен жану қозғалтқаштарының, әсіресе дизель қозғалтқыштарының негізгі принциптерін жас француз инженері Sadi Carnot ұсынды.
1830 — 15–20 км/сағ жылдамдығында қозғалатын 14 жолаушы таси алатын автобустар жасалды.
1963 — Wankel қозғалтқышы алғашқы рет NSU Spider автомобилінде қолданылды.
1967 — Jensen ағылшын автомобиль фирмасы ABS жүйесін бірінші болып автомобильдеріне орнатты.
1973 — Еуропада сериялы өндірісте алғашқы рет турбиналы қозғалтқыш орнатылған BMW 2002 автомобилі болды.
1978 — Осы замандық ABS жүйесі алғаш рет BMW 7 және Mercedes S серияларында орнатылды.
1984 — Турбина өндірушісі Garret intercooler атында турбина суытқышын ұсынды. Осы жүйенін арқасында турбинаға кіретін ауа алдын-ала суытылып, турбинаның өнімділігі арттырылды.
1986 — Екі турбина орнатылған алғашқы автомобиль Porsche 959 болды.
 
 Карл Бенцтің "Velo" моделі (1894) - алғашқы автожарыстарға қатысты
 
 Ford Т
[өңдеу]
Автомобильдердің жалпы құрылысы

Автомобиль – механизмдер мен жүйелер жиынынан тұратын күрделі машина. Олардың құрылысы әркелкі болуы мүмкін. Дегенмен, көпшілік автомобильдерде негізгі механизмдердің жұмыс әрекеті мен құрылыс принцип
Қысқашаң мынандай болса ұзын тарихы қандай болады?)) хе
0 дауыс
Әлемдегі ең алғашқы автокөліктің тарихы Николас Джозеф Кагнот есімді механикпен тікелей байланысты. Николас Джозеф Франция мемлекетінің қорғаныс министрі Этьен-Француаның бұйрығымен артиллериялық жабдық тасымалдайтын көліктің жобалауын бастайды. Осы жобаға негізделе отырып, Кагнот пен екінші әскери механик Брезин бумен жүретін алғашқы көліктің бірінші үлгісін құрастырған. Алғашқы көліктің жылдамдығы өте баяу болатын, сағатына 4 шақырым. Бірақ осы көліктің артықшылығы – 5 тонна жүкті тасымалдай алатын еді. Бірақ осы көліктің бір осал жері тежегіш болған. Осының кесірінен көлік бірнеше рет жол апатына ұшырады. Нәтижесінде көліктің шығарылуы 1771 жылы аяқталған. Бірақ осыған қарамастан, Кагноттың көлігі тарихта ең алғашқы көлік ретінде танылады. Ал жанармаймен жүретін алғашқы көлік ретінде Бенцтың 3 дөңгелекті екі орынды үлгісі саналады. Тағы да бір деректерге сүйенсек, "жанармаймен жүретін алғашқы көлік" деген атаққа Зигфрид Маркустың 1875 жылы құрастырған үлгісі де үміттенеді. Бұл көліктің жылдамдығы Кагноттың құрастырған үлгісіне қарағанда әлдеқайда жоғары болған. Деректерге сүйенсек, сағатына 15 шақырымға дейін жетіпті.

Сағатына 100 шақырым жылдамдықпен жүретін көлік Парижде құрастырылған еді. Бельгиялық құрастырушы Камилл Женатци бұл көлікті 1899 жылы шығарған. La Jamais-Contente атты көлік екі электр қозғалтқыш арқылы жүрген.
Толығырақ http://massaget.kz/auto/e-ee/14 осы сілтемеде
0 дауыс
Алғашқы көлік түрлері Ең алғашқы өздігінен жүретін арбаны 1752 жылы қарапайым шаруа адамы Леонтий Шамшуренков ойлап тапқан. Оны арнайы педальді басу арқылы жүргізуге болатын болған. Өздігінен жүретін ең алғашқы көлік 1769 жылы Николас Джозеф Кагнот ойлап тапқан бу автомобилі екен. Бұл көлік сол кездегі Францияның соғыс министрі Этьен-Француаның тапсырмасымен, құрылғыларды тасу үшін шығарылған. Ал, үш дөңгелекті, жанармаймен жүретін автокөлікті 1885 жылы Германияда Карл Бенц ойлап шығарған. Сондай-ақ, Карл Бенц тарихта дүние жүзіндегі ең алғашқы автомобильді жүргізуші адам ретінде қалды. 1868 жылы 10 желтоқсанда Лондон қаласында бағдаршамның ең алғашқы түрі пайда болды. Құрастырушысы -Джон Пик Найт. 1914 жылы 5 тамызда АҚШ-та екі түсті (қызыл, жасыл) бағдаршам пайда болды. Құрастырушысы -Джеймс Хога. 1920 жылыАҚШ-та алғашқы үш түсті (қызыл, жасыл, сары) электрлі бағдаршам пайда болды. Оның құрастырушылары: Уильям Поттс және Джон Харрис. 1968 жылы 8 қарашада Вена қаласында «Жол белгілері мен сигналдары туралы» алғашқы құжат қабылданды.
...