0 дауыс
4.1k көрілді
Төлем тапсырмалары мен төлем талап-тапсырмалары арқылы есеп айырысудың ерекшеліктері

1 жауап

0 дауыс
Қолма-қолсыз есеп айырысу нысандары - «Қазақстан Республикасы аумағында тәлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылға 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс.

Осы ережеге сәйкес, қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

 Төлем тапсырмасы—ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасынбенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады:

·                     алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін,

·                     тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банккекомиссиондық жәнет.б. төлемдер) бойынша,

·                     жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге,

·                     аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында телеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотка аударып қояды. Төлем тапсырмасы аркылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиентгің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу нысаны ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Төлем талап-тапсырмасы

Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа нысаны, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және телем тапсырмасынын. элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы — бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет қунын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжатгармен бірге бірден аударушынын. банкіне жібереді. Аударушының банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішіңце банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға кайтарылады. Төлем талап-тапсырмасы бойынша есеп айырысудағы құжат айналымы мынадай сызбамен беріледі:

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.
...