0 дауыс
9.6k көрілді
Коммерциялық банктердің активті операциялары, олардың құрылымы?

1 жауап

0 дауыс

Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды. Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады: ссудалық операциялар; инвестициялық опер; қаржылық опер; басқа да операциялар. Банк активтік операциялары ның маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Банк активтері – пайда табу мақсатында банктік ресурстарды, әр түрлі активтер бойынша орналастырылған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив  жағында көрсетілетін сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендірілуіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін төмендегідей төрт топқа бөлуге болады:

  • Касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;
  • Берілген несиелер;
  • Бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
  • Банктің ғимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы, олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, толық бағалы емес активтердің үлес салмағына, активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Банк өзінің міндеттемелерін күнделікті орындап отыруын қамтамасыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. Осы мақсатта банк өзінің активтерін, олардың өтелу мерзімдеріне байланысты және өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. Өтімділігіне қарай банк активтері төмендегідей топтарға бөлінеді:

  • Жоғары өтімді активтер;
  • Өтімді активтер;
  • Ұзақ мерзімді өтімді активтер.

ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциалдық нормативтерге сәйкес жоғары өтімді активтерге мыналар жатады:

  • қолма-қол ақшалар;
  • мемлекеттің бағалы қағаздары және Қазақстан ипотекалық компаниясының борыштық бағалы қағаздары, сондай-ақ өтімділігі жоғары басқа да бағалы қағаздар;
  • құйма қымбат бағалы металдар;

Ұлттық банктегі Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар бейрезидент-банктердегі талап етуге дейінгі депозиттер;
Standard & Poors және басқа рейтингтік агенттіктердің «А» төмен емес ұзақ мерзімді рейтингі бар ҚР банктерге берген «овернайт» займдары.

Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.

Банктің өтімді қаражаттарының құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын, шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.

Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқа берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50% кепілхат және кепілдіктен 1 жылдан жоғары уақытқа берілген несеилер, Үкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды және бағалы металдарды кепілге алып берілген ссудаларды шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.

Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

1-топ. Алғашқы резервтер – бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылатын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

  • Касса;
  • Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар;
  • Инкассациялау процесіндегі чектер және өзге де төлем құжаттары;
  • Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банк өтімділігінің негізгі көзі болып табылады.

2-топ. Екінші реттегі резервтер – бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, олардың ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыруға болады. Оларға мыналар жатады: вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар; талап етілетін (онкольдық) несеилер; бірінші сыныпты қарыз алушыға берілетін несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты – алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.

3-топ. Банктік активтердің маңызды бөлігі – банктік несиелік портфелі. Банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банк пайдасының басты көзін құрайды.

4-топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді: банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу. 

...