0 дауыс
6.9k көрілді
Депозит операцияларының мәні және олардың түрлері?

1 жауап

0 дауыс

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншіктік қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктердің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Банктік тәжірибиеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдерінде байланысты үлкен 2 топқа бөледі:

  • депозиттік қаражаттар;
  • депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер, банк үшін бірден бір арзан ресурс көзі болып табылады.

Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозитті операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын орталық банкте және өзге корреспондент–банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтерінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады. Активтік депозиттер банктің өтімді қаражаттарына жатады.

Пассивті депозитті операциялар – бұл клиенттердің бос ақша қаражаттарын белгілі бір уақытқа және пайыз төлеу шарты бойынша тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарды қалыптастырудың негізгі көзі.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:талап етілетін депозиттер;мерзімді депозиттер;жинақ салымдары;бағалы қағаздар түріндегі (депозиттік және жинақ сертификаттары) депозиттер.

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибедеталап етілетін депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджет қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар.

Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналыстырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін.Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:

  • меншікті-мерзімді  депозиттер;
  • алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.

Жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсету қажет.

Мерзімді депозиттержәне жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақыт бөлігін білдіреді.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша мерзімді депозиттерге қарғанда төмендегі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады. Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:

  • ақшалай қаражаттарды сақтауда тұрақты мерзімді болмайды;
  • шоттағы қаражатты алдын-ала алу барысында ешқандай ескерту тлап етілмейді;
  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшысының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары операциялардың мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағымдық салымдар;
  • алдын-ала алуын хабарлайтын алымдар;
  • валюталық салымдар.
...