0 дауыс
2.1k көрілді
Валюталық бағам. Мемлекеттің валюталық ресурстарын қалыптастыру және пайдалану?

1 жауап

0 дауыс

Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар — бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын каражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер. Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты операцияларға бөлінеді.Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:-экономиканың мемлекеттік секторының - кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім  ақшадан;-тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;-келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, рояльтилерден түсетін түсімдерден;-валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;-шетел банктеріне және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланғаннан алынған табыстардан;-шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;-валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.Валюталық ресурстар кебінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:1)Ұлттық банк: " валюталық басқыншылықтарды" – елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;2)Қаржы  министрлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консульдықтардың, өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;3)Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді - тауарлар мен көпшілік қолды бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру үшін;4)Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

Валюталық бағамның қажеттігі:

  • тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
  • дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
  • фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға;

Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

  • Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.
  • Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуға мүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.
...