0 дауыс
696 көрілді
Салымдарды қорғау жүйесі, олардың әртүрлілігі?

1 жауап

0 дауыс
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін (бұдан әрі – Депозиттерге кепілдік беру жүйесі) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі – банктер) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым, міндеттемелеріне осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша кепілдік берілетін банктер және олардың салымшылары (депозиторлары) құрайды.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесі Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтаруды қамтамасыз етуге негізделген.

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым «Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) болып табылады.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне осы Ережеде белгіленген талаптарға жауап беретін кез келген банк қатысушы бола алады.

 Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Ережеде белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қорға жарналар төлейді.

Жеке тұлғалардың салымдарының (депозиттерінің) түрлері және Қордың оларға кепілдік беру (сақтандыру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының  заңдарында айқындалады.

Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) агент банк – Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес  Қормен жасалған агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлеу жөніндегі рәсімді жүзеге асыратын қатысушы банк;

2) қатысушы банк – олар тартқан жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтару жөніндегі міндеттемелеріне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келпілдік берілетін Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын банк;

3) салым (депозит) бойынша өтемақы – Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік берілген салым (депозит) бойынша төлеуге тиісті ақша сомасы;

4) салымшы (депозитор) – қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті) бар жеке тұлға;

5) кепілдік берілетін салым (депозит) - Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) объектісі болып табылатын теңгедегі және/немесе шетел валютасындағы салым (депозит);

6) қосымша жарналар – салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға біржолғы төлемдері;

7) міндетті күнтізбелік жарналар – қатысушы банктердің Қорға  тоқсан сайынғы төлемдері;

8) қайтару резерві – осы Ережеде көзделген тәртіппен қалыптасатын, салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша сомасы;

9) қатысушының куәлігі – қатысушы банкке Қор беретін және оның Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысуын куәландыратын құжат;

10) төтенше жарналар – Қорға қатысушы банктер Қордың қарыз сомасын және олар бойынша есептелген сыйақыны төлеу үшін Қорға жасалған төлемдері.

  Қор және оның өкілеттігі

8. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен құрылады және өз қызметін жарғының негізінде жүзеге асырады.

9. Қордың ақшасы:

1) Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері – Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісілген қаржы құралдары тізбесіне сәйкес шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздарға;

2) Ұлттық Банктегі салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.

10. Қор мынадай негізгі функцияларды орындайды:

1) өтемақы резервін қалыптастырады;

2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның салымшыларына (депозиторларына) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде және тәртіппен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейді;

3) активтерді басқарады;

4) қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;

5) Қордың Жарғысында, осы Ережеде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

11. Қор өз функцияларын орындау кезінде:

1) Ұлттық Банкпен ақпарат алмасу жөнінде келісім жасайды және оған сәйкес оларда тәуекелді басқару жүйесінің болуы туралы мәліметті және тартылған салымдар (депозиттер) бойынша мәліметтерді қоса алғанда, қатысушы банктердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтер алады;

2) Ұлттық Банкке қатысушы банктердің салымдарға (депозиттерге) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын бұзу  фактілері туралы хабарлайды;

3) осы Ережеде белгіленген тәртіппен банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдайды және одан шығарады;

4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясына   мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясы ұсынған есепке (бұдан әрі – салымдар (депозиттер) бойынша өтем есебі) сәйкес  сома көлемінде салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеуге байланысты өздерінің кері талаптарын қанағаттандыру үшін өтініш береді;

5) қатысушы банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің құрамына және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізу туралы өтініш жасайды;

6) шетел валютасымен салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін, шетел валютасымен алынған заемдарды өтеу үшін, сондай-ақ өз активтерін орналастыру үшін шетел валютасын сатып алады;

7) қатысушы банктен оның депозиттік саясаты жөнінде ақпарат сұратады;

8) Ұлттық Банк алдында қатысушы банкке инспекторлық тексеру жүргізу және оны жүргізудің мақсаты мен негіздемелерін көрсете отырып оған өз өкілін қатыстыру туралы өтініш жасайды;

9) Ұлттық Банкке осы орган айқындаған тәртіппен және мерзімде өз қызметі туралы қаржылық есеп ұсынады;

10) өзінің жылдық балансын, сондай-ақ қаржылық-шаруашылық қыз-метінің нәтижелері туралы есепті тәуелсіз аудиторлық ұйым растағаннан кейін республикалық газеттерде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды;

11) өз құзыреті шегінде басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

12. Қор банктік шоттарын Ұлттық Банкте ғана ашады.

13. Қор қызметіне жалпы басшылықты өкілеттігіне жарғылық қызметпен қатар:

1) банкті Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қабылдау және одан шығару туралы шешім қабылдау;

2) осы Ережеге сәйкес қосымша және төтенше жарналардың мөлшерін және енгізу мерзімін, сондай-ақ міндетті күнтізбелік жарналарды енгізу мерзімін белгілеу;

3) Қор активтерін Ұлттық Банкке сенімгерлік басқаруға беру туралы  шешім қабылдау;

4) өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алуды жүзеге асыру туралы шешім қабылдау;

5) конкурстық тәртіппен агент банкті таңдау кіретін Қордың Директорлар кеңесі жарғы негізінде жүзеге асырады.
...