+1 дауыс
Интернетте қай тіл көп қолданылады?
04.06.2014 967 қаралым

10 жауап

+2 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

2013 жылдың мәліметі бойынша интернетте көп қолданатын тілдер

1. Ағылшын 55,5%

2. Орыс 6,3%

3. Неміс 5,6%

4. Япон 4,9%

5. Испан 4,3%

6. Қытай 4%

толығырақ...

04.06.2014
Олардың саны көпқо.
+1 дауыс
Мен күнделікті қолданатын тілдерім: Қазақ тілі, Орыс тілі, Ағылшын тілі.
04.06.2014
0 дауыс
Орыс тілі мен қазақ тілі.
04.06.2014
+1 дауыс
Сәлем қазақша әдеби сөздердi қолданамын, кейде орыс тiлiн қолданамын. Орыс тiлiн жетiк бiлемiн алайда өз ана тiлімдi қолданғанды жөн көремiн.
04.06.2014
Ей, епті! Не босып отсың? Бірінші АНА тіліңде дұрыстап жазып ал.
Болды, ұрыспаңдар!
Қазақ тілі жоқ болса бұл менің шаруам емес, шығарып алыңыз)) Бұл қазақ тіліндегі сайт.
ер адамсызгой болды койсанызшы кыздар секилди салгыласа бермей ито менен улкенсиз  мен 15 жастамын сиз атасызгооой))))))))))))) дурыс жауаап бере алмасаныз сайтта нениз бар!
+1 дауыс
Қазақша ақпарат жиi керек еткендiктен қазақша тiл қолданамын. Ал қазақша табылмайтындай ақпарат болып жатса, орысша iздеймiн. Ағылшын тiлiн сирек қолданамын. Интернеттен жиi қолданылатын ол ағылшын тiлi.
04.06.2014
+2 дауыс
Әлемдік интернетте әрине ағылшын тілі. Қазақстанда қазақ және орыс тілдері. Жеке өзім интернетте 75% қазақша, 20% орысша, 5% ағылшынша қолданамын.
04.06.2014
+1 дауыс
Шынымды айтсам, әр-кім өз ойын айтып жатыр. Мен айтар едім, қазіргі таңда алып держава Америка, Англия және т.б. елдерінің ортақ тілі Еnglіsh болғандықтан ОСЫ ТІЛ әлеуметтік желілерде, ел мен елдің ара қатынасында көп қолданылады. Және Азия Түркі тектес халықтарының арасында орыс тілі көп қолданылады. Және әр елдің өздеріне тән ұлттық тілдері өз ортасында көп қолданылады. Осыған қарап, өз ойымша қазіргі таңда өзіміздің елде Еnglіsh, Орыс тілі, Қазақ тілі кеңінен қолданылады деп айта-алам.
04.06.2014
0 дауыс
Мен көбінесе қазақша,орысша,ағылшынша қолданам
04.06.2014
0 дауыс

Орыс және ағылшын тілдері деп ойлаймын.

04.06.2014
+1 дауыс
Ең көп қолданылатыны шүбәсіз ағылшын тілі. Өйткені ол әлемдік тіл. Кез келген мемлекеттің азаматы ағылшын тіліндегі ақпараттарды қолданбай қоймайды инетте.

Ал Қазақстан аумағында көп қолданылатыны орыс тілі.
04.06.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,992Қолданушы