Қаржы жүйесінің буыны ретіндегі үй шаруашылығының қаржысы?

0 дауыс
1.6k қаралым
Қаржы жүйесінің буыны ретіндегі үй шаруашылығының қаржысы?
Қаражат, Ақша

1 жауап

0 дауыс

Капиталдың толық айналымы өндіріс үдерісінің едәуір бөлігін қамтып отырған рыноктық қатынастар жағдайларында қаржы жүйесінің дербес буынына үй шаруашылығының қаржысын бөліп көрсету бір қатар факторларға байланысты болып отыр.

Үй шаруашылықтары экономикалық қызметтің маңызды субъектілерінің бірі болып келеді, олардың нәтижелерінен жеке шаруашылық бірлігінің ғана емес, жалпы елдің бүкіл халқының әл-ауқаты тәуелді болады. Экономиканың аса ірі субъекті бола отырып коммерциялық кәсіпорындармен және мемлекетпен бірге үй шаруашылықтары барлық макрореттеуші үдерістерге қатынасады. XXI ғасырдың басында экономиканың жандана түсуі үй шаруашылықтарын белсенді тіршілік етуге жеткізді:

Үй шаруашылықтары экономикалық агенттер ретінде негізінен отбасы мүшелерінің тіршілік әрекетін қолдауға қажетті игіліктерді тұтыну туралы шешімдер қабылдайды. Ақыр аяғында барлық экономикалық ресурстар үй шаруашылықтарына жатады, бірақ бұл ресурстар олардың арасында өте әркелкі бөлінген. Үй шаруашылықтарының басым көпшілігі жұмыс күшін иеленіп, басқарады.Рыноктық экономикада жұмыс күші үй шаруашылығы шеңберінде жасалатын және өндіріс факторлары рыногында ұсынылатын негізгі тауар болып табылады. Өзінің ресурстарын сатудан табыс ала отырып, үй шаруашылықтары әр түрлі тұтыну игіліктерін сатып алу үшін шектелімді табыстарды бөлу туралы шешімдер қабылдайды. Үй шаруашылықтарының басты экономикалық мүддесі сатып алынатын игіліктердің пайдалылығын барынша көбейтуде болып келеді. Үй шаруашылықтарының тұтыну игіліктерін таңдауы рыноктық экономикада сұранымды қалыптастырады.

Экономикада үй шаруашылықтары мен кәсіпорындардың (фирмалардың) арасында айырбас болып жатады. Үй шаруашылықтары ресурстарға иелік етеді және оларды ресурстар рыноктары арқылы фирмаларға береді. Фирмалар ресурстарды пайдаланады, өнімдер өндіреді және тауарлар мен қызметтер рыноктарына жеткізеді. Үй шаруашылықтары мен басқа субъектілер арасындағы өзара іс-қимылдар нәтижесінде экономикада өндірістің жалпы көлемі қалыптасады.

Экономикалық теорияда үй шаруашылығы деп бірлесіп тұратын және ортақ бюджеті болатын бір немесе бірнеше адам жүргізетін шаруашылық ұғынылады. Үй шаруашылығы қоғамдық өндірісте шұғылданатын және шұғылданбайтын барлық жалдамалы жұмыскерлерді, ірі және майда капиталдар, жер, бағалы қағаздар иелерін біріктіреді.

Үй шаруашылығын жүргізу отбасының өндірістік қызметінің нысаны болып табылады. Үй шаруашылығында осы отбасының мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған қызметтер мен өнім өндіріледі. Рынокта сату және өткізу үшін үй шаруашылығында үздіксіз енім өндіру дара еңбек қызметімен шұғылданатын отбасын, ал ауыл шаруашылығы өнімін өндіру тауар бағыттылығы бар жеке қосалқы шаруашылықты сипаттайды.

«Үй шаруашылығы» термині жиі экономикалық әдебиетте «отбасы» терминіне ұқсас термин ретінде пайдаланылады. Бірақ отбасынан айырмашылығы үй шаруашылықтары туған-туысқандарды ғана кіріктірмейді, бір, екі және одан көп мүшелерден де тұра алады.

Үй шаруашылықтарының қаржысы, тұтас алғанда қоғам қаржысы сияқты, шаруашылық мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайларын және олардың ұдайы өндірісін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі экономикалық ақшалай қатынастар болып табылады. Жеке отбасы деңгейінде қаржы жүйесінде буын бола отырып, ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының бастапқы әлементі болып келеді. Ішкі жалпы өнім мен ұлттық табыстың құнын жасауда, алғашқы бөлуде және пайдалануда шешуші маңызы болатын коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысынан айырмашылығы үй шаруашылықтарының қаржысы қаржы жүйесінің басым буыны болған емес және қаржылық қатынастардың жалпы жиынтығында маңызды болғанымен бағынышты рөл атқарады.

Үй шаруашылықтары қаржысын «адами капиталдың» дамуы тұрғысынан қарастырған маңызды. «Адами капитал» тұжырымдамасы өткен жүз жылдықтың 60-жылдарының басында тұңғыш рет Т.Шульц ұсынды. «Адами капитал» деп жұмыскерлердің қабілеттілігін, білімін және іскерлігі түсініледі, олар жұмыскерлерге әлеуметтік және экономикалық салаларда белсенді іс-әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл сапалар, бірінші кезекте, ұлттың білім және денсаулық деңгейімен айқындалады. Адами капиталдың негізгі әлементтеріне, Г.Беккердің ұсынылымына сәйкес мыналар жатады:

·       білім капиталы (жалпы және арнаулы білімдер);

·  өндірістегі даярлық капиталы (біліктік, машық, өндірістік тәжірибе);

·  денсаулық капиталы;

·  экономикалық мәнді ақпараттарға ие болу (бағалар мен табыстар туралы ақпараттылығы);

·  көші-қон капиталы (жұмыскерлердің жұмылдырылғыштығын қамтамасыз етуші);

·  экономикалық қызметтің уәждемесі.

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы