0 дауыс
683 көрілді
Нақты сектордағы кәсіпорынның инвестициялық белсенділігін ынтыландыру?

1 жауап

0 дауыс

Кәсіпорынның қаржылық жағдайынның ең бірінші критериі болып кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау болып саналады. Төлем қабілеттілігі дегеніміз - кәсіпорынның ұзақ мерзімді міндеттемелерін қайтару қабілеттілігі. Яғни міндеттемелеріне қарағанда активтері көп кәсіпорынның төлем қабілеттілігі жоғары деп есептеуге болады.

Кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері үшін төлеу қабілеттілігі қарызды жою деп саналады.

Ағымдағы фирма жағдайының көрсеткіші  (ПТСФ)

Бұл ағымдағы активтердің қысқа мерзімді активтерге қатынасы. Яғни ағымдағы активтердің орташа айналым ұзақтығына тең период кезеңдегі кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Төлем коэффициенті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыз берушілер жағдайы жақсы деп есептеуге болады.

Төлем коэффициентінің қалыпты көрсеткіші 2-2,5 болуы керек.

Абсолютті қарызды жою көрсеткіші (АҚЖК)

 Кәсіпорынды қатал бағалау көрсеткіші. Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі ең қысқа мерзім ішінде төлей алатынын біле аламыз. Көрсеткіштің оңтайлы мәні – 0,2 – 0,25.

Бұл көрсеткіш төлем мәнділігі кәсіпорын  жұмысының қалыпты дамуына кедергі жасайды. Себебі бұл көрсеткіш кәсіпорын төлем қабілеттілігіне күдік тұғызады.

Сындық бағадаудың көрсеткіші немесе коэффициенті.

Бұл кәсіпорынның өте қатал бағалау көрсеткіші болып табылады. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтердің кейбір бөліктерінің, яғни капиталдың ақша қаржаттары, дебиторлық қарыздар мен тез сатылатын бағалы қағаздардың  ағымдағы міндеттемелерімен  салыстыру арқылы есептеледі. Яғни егер кәсіпорынның жағдайы өте қиын, сындық жағдайда болса, онда кәсіпорынның қарыздарын қаншалықты көлемін  төлеуге болатынын  бағалауға негізделген көрсеткіш болып есептелінеді.

Дебиторлық қарыздардың орташа айналым ұзақтығы ішіндегі күтілетін төлем қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш тек ағымдағы міндеттемелерді бар ақша арқылы ғана емес, сонымен бірге күтілетін, сатылатын өнімнен түсетін пайданы да пайдаланып, төлеуге болатынын сипаттайтын көрсеткіш.

Көрсеткіштің оңтайлы мәні – 0,8 -0,7 болуы қажет. 2004 жылы ол – 0,5 , ал 2005 жылы – 0,4-ке тең болды.

Жеке инвестициялық ресурстардың шектелу жағдайында, республикада тиімді экономиканы құруға бағытталған, құрылымды – инвестициялық саясатты жүзеге асыру, сусындар шығарушы салаларының жаңа кен орындарын, көлікті, өңдеуші және машина жасау өндірісін енгізу жолымен өндіруді кеңейту үшін ірі отандық және шетел капитал салымдарын талап етеді.

Дүниежүзілік тәжірибеде ең көп тараған және қазақстандық жағдайлар үшін жарамды белсенді инвестициялық стратегияны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық формасы – инвестициялық бағдарламаларын дайындау болып табылады.

Отандық экономистердің болжамдық бағалаулары бойынша, мемлекетпен кепілді мемлекеттің бюджет қаражаттары, несиелер мен қарыздар келешекте мемлекет бюджетінің жалпы деңгейінен 20 % –дан аспайды. Бірақ, оларды бөлу және пайдаланудың ұйымдастырушылық формаларын сапалы өзгерту қажет.

біріншіден, мақсатты бағдарламалар мен тек конкурстық негізде қатаң сәйкестікте мемлекеттік инвестициялық қаражаттарды бөлуге өту керек. Екіншіден, коммерциялық емес сипаттағы және өздерінің қаржы көздері жоқ, әлеуметтік мәндегі объектілер үшін қайтарымсыз қаржыландыруды сақтау. Үшіншіден, қайтарымсыз қаржыландыру және жеңілдікті несиелеу формасындағы инвестицияларға бағытталатын, бюджет қаражаттарының мақсатты шығындалуын мемлекеттік бақылауды күшейту. Төртіншіден, тікелей бюжеттік қаржыландыруды – инвестициялық жобаларды бірлескен мемлекетті-бюджеттік қаржыландыру тәжірибесін кеңейту, сонымен қатар, жеке ұлттық және шетел капиталын тартумен; мемлекеттік кепілдіктер мен инвестицияларды сақтандыру арқылы жанама қолдау, мамандандырылған инвестициялық банктер, қорлар құруда қатысу және тағы басқалар арқылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорынның экономикалық өсуі және көп каналды қаржыландыруды қалыптастыру жағдайындағы инвестициялық стратегия негізгі бағыттарды қосу керек:

мемлекеттік қаржыларды толық және жеке пайдалану арқылы немесе мемлекеттік кепілдіктер қодауымен, мемлекет үшін маңызды өмірлік қамтамасыз ету (жизнеобеспечение) объектілеріне капиталдық салымдарды қаржыландыру;
аймақ пен ел экономикасының өсуінің базасы бола алатын, бөлек объектілердің нүктелік инвестициялауы;
елдің бүкіл салалар, өндірістер мен аймақтары бойынша ұлттық шаруашылықты кең көлемде инвестициялау;

Инвестиция саласындағы парадигманың ауысуы, кез–келген аумақта сияқты, ұзақ және қиын процесс болып келеді. Сондықтан, инвестициялармен істің қазіргі жағдайының тез өзгеруіне, жеке капитал құрылғанша дейін және оны пайдалану шарты мен инвестициялық мақсатта халықтың жинақтауының құрылуына дейін, үміттенбеу керек.

...