0 дауыс
1.8k көрілді
Кәсіпорынның инвестицияларының сыртқы және ішкі көздері?

1 жауап

0 дауыс
Жалпы жағдайда жобаны қаржыландыру көздері келесілер болуы мүмкін:

1. Инвестицияларды қаржыландырудың меншікті көздері. Меншікті қаржыландыру көздерінің ішінде маңызды рөлді салықтарды және басқа міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорында қалатын пайда атқарады. Пайданы өндірістік дамуға, тұрғын үйлерді, бала-бақшаларды және өндірістік емес мақсаттағы басқа объектілерді салуға, егер ол акционерлік қоғам болса, дивидендтерді төлеуге, қайырымдылық мақсаттарға және т.б. бағыттауға болады.2. Инвестицияларды қаржыландырудың сыртқы көздері. Қаржыландырудың сыртқы көздерінің ішінен маңызды рөлді банктердің несиелері атқарады. Басқа көздерге компаниялардың облигациялар эмиссиясы, мемлекет бюджетінен және инвестициялық қолдау бюджеттен тыс қорлардан берілетін несиелер (отандық инвестициялық, венчурлық, зейнетақы, сақтандыру қорлары мен компаниялары, даму және экспорттық несиелеу агенттіктері және т.б.), сонымен қатар жабдықтаушылардың сатып алушылардың және мердігерлердің несиелері жатады.
...