+2 дауыс
8.5k көрілді
Орыс тілін үйрететін видеолар барма? Орысша-қазақша сөздік керек еді. Орыс тілін үйрететін сайттар барма? Алматыда орыс тілін жақсы үйрететін қандай курстар бар ?

3 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Кез-келген тілді үйрену үшін, әсіресе сөйлесуді, бірінші кезекте әрине практика керек. Тек өана күнделікті сөйлескен, оқыған, жазған ғана ол тілді тезірек максимал үйреніп алады. Бірнеше кеңес айтып көрейін.

1) Қазақстан арналарының бәрі дерлік орысша бағдарламалар көрсетеді. Соларды мұқият көріп, әр сөзінің мағынасына үңіліп отырыңыз. Тіпті, сөздікпен отырсаңыз да болады. Кейбіреулерінде тіпті қазақша-орысша субтитрлері бар сериалдар да бар, қателеспесем. Бұлар сізге видео-сабақтардың орнын оңай ауыстырады.

2) Күнделікті мәтін оқып үйреніңіз. Түсінбеген сөздеріңізді сөздіктен қарап, аударып, айналадағыларыңыздан сұрап отырсаңыз да болады. Мәтінді дауыстап оқып үйренсеңіз - бұл акцентсіз сөйлеуіңізге көмектеседі деп ойлаймын. Бастысы, күнделікті мәтін (кітап, газет және т.б.) оқу керек. Бұл сөздік қорыңыздың артуына көмектеседі.

3) Ойыңызды ауызша айтып жеткізіп көріңіз. Қателессеңіз, ештеңе етпес.Жер қақ айырылып, ішіне түсіп кетпейсіз. Бастысы, өз ойыңызды ауызша айтып, қате жерлерін сұрап, түзетіп жрсеңіз болғаны.

Қазақстанның жағдайында кез-келген азамат, мейлі ол қазақ мектебін бітірсін, орыс тілін пассив меңгеріп шығады. Яғни, түсінеді, бірақ сөйлей алмайды, жаза алмайды. Егер сіз жоғарыдағы кеңестерге құлақ ассаңыз, актив меңгеруге, яғни, жазып-сөйлесуге деңгейде үйрене аласыз.

Түк те қиын емес.
+1 дауыс
Орыс тілінде көп сөйлесуге тырысыңыз. Жаныңыздағы кез-келген жақындарыңызбен немесе достарыңызбен орысша сөйлесіңіз. Сайт бар бірақ, кейбір сөздерді дұрыс аудармайды.

sozdik.kz
+1 дауыс
Орысша сөйлесуге тырысыңыз, негізінен орыс тілді адамдармен. Біздің елде бұл аса күрделі мәселе емес деп ойлаймын. Сосын ұмытпағыз, орыс тілі сізге шет тілі, сол үшін қате, акцентпен сөйлеймін деп ұялмаңыз.

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 19.07.2014 Қазақ тілі сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...