Кез-келген тілді үйрену үшін, әсіресе сөйлесуді, бірінші кезекте әрине практика керек. Тек өана күнделікті сөйлескен, оқыған, жазған ғана ол тілді тезірек максимал үйреніп алады. Бірнеше кеңес айтып көрейін.
1) Қазақстан арналарының бәрі дерлік орысша бағдарламалар көрсетеді. Соларды мұқият көріп, әр сөзінің мағынасына үңіліп отырыңыз. Тіпті, сөздікпен отырсаңыз да болады. Кейбіреулерінде тіпті қазақша-орысша субтитрлері бар сериалдар да бар, қателеспесем. Бұлар сізге видео-сабақтардың орнын оңай ауыстырады.
2) Күнделікті мәтін оқып үйреніңіз. Түсінбеген сөздеріңізді сөздіктен қарап, аударып, айналадағыларыңыздан сұрап отырсаңыз да болады. Мәтінді дауыстап оқып үйренсеңіз - бұл акцентсіз сөйлеуіңізге көмектеседі деп ойлаймын. Бастысы, күнделікті мәтін (кітап, газет және т.б.) оқу керек. Бұл сөздік қорыңыздың артуына көмектеседі.
3) Ойыңызды ауызша айтып жеткізіп көріңіз. Қателессеңіз, ештеңе етпес.Жер қақ айырылып, ішіне түсіп кетпейсіз. Бастысы, өз ойыңызды ауызша айтып, қате жерлерін сұрап, түзетіп жрсеңіз болғаны.
Қазақстанның жағдайында кез-келген азамат, мейлі ол қазақ мектебін бітірсін, орыс тілін пассив меңгеріп шығады. Яғни, түсінеді, бірақ сөйлей алмайды, жаза алмайды. Егер сіз жоғарыдағы кеңестерге құлақ ассаңыз, актив меңгеруге, яғни, жазып-сөйлесуге деңгейде үйрене аласыз.
Түк те қиын емес.