0 дауыс
10.8k көрілді

Кене шақса не істеуге болады? Мені шаққан еді? Не істеуге болады?

7 жауап

0 дауыс
Кене шақты, біздің  жақтың кенелері  денеге жабысып алып қан сорады. Кене жабысқан жер жәймен қышиды. Құдай оңдап ерте байқап жатса көбіне қолмен  жұлып алып тастайды. Дәрігерлер қолмен жұлмаңдар басы қалып қояды деп айтады, жалпы дәрігер нақты ақпарат,көмек береді.
0 дауыс
Кене шаққан аймақты спиртпен шаю керек жане сол аймақты байлап немесе жаппаңыз.
+1 дауыс
Кене шақса дереу дәрігерге көрінгеніңіз абзал,кене "қырым қанды безгегі" деген қауіпті ауру жұқтыратын жәндік.
+1 дауыс
Кене денеде жүргенiн байқаған кезде тұмсығын сұғып алмай тұрғанда денеден қағып жiберу керек. Ал шаққан болса, асқынып кетпей тұрғанда дәрiгерге көрiнiп, тиiстi ем жасалу керек.
+1 дауыс
Кене шаққанда оны қолмен алып тастауға мүлдем болмайды.Әйтпесе инесі қалып кетуі мүмкін.Оны кененің үстіне оксолин майын жақса,өзі инесімен қосылып түсіп қалады.Және де дәрігерге қаралудың да артықтығы жоқ.Кене шаққанда дер кезінде көмек көрсетілмесе,өміріңізге қауіп төнуі де мүмкін!
0 дауыс
Егер кене шақса оның шаққанына көп болмаса қолмен алып тастауға болады.
0 дауыс

Көктемде қоршаған ортада түрлi жұқпалы ауруларды тарататын жәндiктердiң де белсендiлiгi арта түседi. Солардың бiрi – кене.

Кенелер – өрмекші тәріздестерге жататын жәндіктердің бір түрі. Кененің кей түрі ауыл шаруашылығына зор зиян келтірсе, кей түрінің пайдалы жақтары да бар. Паразитті тіршілік ететін кенелер жан-жануарлардың, адамның денесіне жабысып, қанын сорып тіршілік етеді. Олардың көптеген жұқпалы ауруларды таратушылары да бар.

Кене энцефалиті деген не?

Кене энцефалиті – кене арқылы тарайтын, ми қабынуын және орталық жүйке қабынуын тудырып, орталық жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, жедел өтетін жұқпалы ауру. Кейде кене энцефалитін табиғи-ошақты тайгалық энцефалит, көктемгі-жаздық энцефалит деп те атайды.

Кененiң шағуы арқылы берiлетiн жұқпалы аурулар көктем-жаз айларында жиі кездеседі. Кененiң шағуын дер кезінде байқау қиын. Себебі кене өз денесiнен арнайы ферменттер бөлiп, шаққан орнын бiлдiрмеуге тырысады. Тұмсығын терi қабатына енгiзген кене, майда қан тамырларынан қоректене бастайды. Сол жерде тойған мезетте бiрнеше мың жұмыртқаларын терi астына тастап, сол мезеттен бастап ауру белгiлерiн шақыра бастайды.

Кене шағу белгілері

  • дене қызуының көтерілуі;
  • бастың ауруы;
  • құсу, лоқсу;
  • әлсіздену, арқаның талып, буындардың ауруы;
  • беттің, арқаның кеуденің, көздің қызаруы.
  • Кене шағып алған жағдайда мүмкіндігінше денсаулық сақтау орындарына барған дұрыс. Егер оған баруға мүмкіндіктер болмаса онда арнайы тәртіптерді сақтай отырып, денедегі кенені алып тастау керек. Оны бірден жұлып алған жағдайда, мұртшалары теріде қалып кетуі мүмкін. Сондықтан, барынша абайлап алу керек.

                           Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 16.04.2013 Жалпы спорт сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...