0 дауыс
9.5k көрілді
кененің қанша түрі бар? олар шаққанда кімге қалай әсер етеді? мысалы:адамға, жануарларға т.б.  оның алғашқы көмек көрсетулері бар ма?  ол ауру қалай таралады? осы туралы.....

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Солтүстік Америкада  ең қауіпті өрмекшілердің бірі  қоңыр бүйі (Loxosceles Reclusa) жылдам қарқынмен көбейіп келеді. Биолог ғалымдар оны климаттың өзгеруімен байланыстырады. Кішкентай бала тұрмақ иммунитеті әлсіз ересек адамды о дүниеге аттандырардай уыты бар бұл өрмекшілер негізінен АҚШ-тың орталық-батыс және оңтүстік өңірлерінде кездеседі екен.

Өрмекшілер санының өршелене өсуі олардың тіршілік ету аймағын кеңейтері сөзсіз. Ғалымдар адам өлтіргіш өрмекшілердің таяу жылдары солтүстік штаттарға да таралуы мүмкін деген болжам айтып отыр.  Зерттеушілердің сөзіне қарағанда  қоңыр бүйілер осындай қалыпта көбейе берсе  2080 жылға қарай Небраска, Миннесота, Висконсин, Мичиган, Оңтүстік Дакота, Огайо және Пенсильвания сияқты бірнеше штаттар өрмекшінің шабуылының астында қалуы ғажап емес.

Биологтар қоңыр бүйінің ел аумағында таралуының дер кезінде алдын алу үшін өрмекшілердің көшіп-қонуын бақылауға алатын карта жасау керек деген ортақ ойға келіпті. Зерттеу жұмысына қатысушылардың бірі, биологиялық түрлердің әртектілігі институтының аспиранты Эрин Соуп бұл биологиялық  қауіптің түбінде климат жағдайының өзгеруі жатыр дейді. «Дейли Мейлде» жарияланған ғылыми зерттеу мақаласында Эрин Соуп: «алынған нәтижелер адам баласына  климаттың өзгеруі кері әсерін тигізгенін көрсетіп отыр»,-  деп түйеді.

АҚШ-та өрмекшілердің қарадай қаптап кетуі табиғат ананың ісі болып тұр ғой. Одан келер қауіп  алпауыт АҚШ-тың әлемге тоқыған өрмегінен әлдеқайда әлсіз келетінін біреу сезсе, біреу сезбес. Дүниежүзінің саяси картасында ойнақ салып, өрмегін өрген американдық әскердің уыты манағы қоңыр бүйілерден асып түспесе кем емес. Шақса оңдырмай ойрандап кетпесіне кім кепіл?!


Кешіріңіздер! мынаны көшіріп  алдым. Толық мына жерде.https://surak.baribar.kz/14148/
рахмет бул жауапка! бірақ маған "кене" туралы керек

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 16.04.2013 Жалпы спорт сұрақ қойды
0 дауыс
3 жауап
...