"Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚР Заңының 22 бабының, 2 тармағының, 2 тармақшасына сәйкес Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген, белгiленген қағидалардың сақталуын тексеруге қажеттi басқа да құжаттарды тексеруге құқығы бар.
Қызметін өтеу кезіндегі полиция қызметкерлері азаматтардың бірінші талабы бойынша аты - жөнін, қызмет орнын атап, танысу үшін қызметтік куәлігін қолынан жібермей, азаматқа танысып алу мүмкіндігін беру қажет. Олай болмаған жағдайда, олар жазаланатын қызметтік қылмыс жасаған болып есептеледі. Полиция қызметкері себепсіз азаматтардан төлқұжатты көрсетуге талап етуге құқы жоқ.