+1 дауыс
6.3k көрілді
Ассалаумагалейкум! Менiн сұрайын дегенiм. Төлқұжатты (паспорт) қай жастан бастап алады? Жане қалай алуға болады?

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық  азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс.   Жеке бас куәлігі 10 жылға беріледі.

16 жасқа дейінгі балаларға төлқұжат рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімі:

туу туралы куәлік (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
ата-аналарының бірінің жеке бас куәлігі (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай анықтамасы (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
төлқұжат үшін мемлекеттік баж салығы төленгендігі туралы түбіртек 4 АЕК (7408 тенге).

Құжаттарды рәсімдеу кезінде баланың қатысуы міндетті.

Сондай-ақ, паспортты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыру қажет болатын жағдайды қарастырайық. Бұл азаматтың шетелге ұзақ мерзімге шығуына және оның паспортының қолданылу мерзімі шетелде болған уақытта аяқталуымен байланысты болуы мүмкін. Бұл жағдайда ол оны сапарға дейін ауыстыруы тиіс. Құжатты кез келген уақытта  жарамдылық мерзіміне қарамастан ауыстыруға болады. Ол үшін ХҚКО мынадай құжаттарды ұсыну керек:

тұрақты тіркеуді растайтын азаматтарды тіркеу кітабы, немесе мекенжай анықтамасы (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
жеке куәлік (тексеру үшін түпнұсқа және көшірме);
төлқұжат  үшін 4 АЕК (7408 тенге) көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені жайындағы түбіртек;
3,5х4,5 мөлшерлі 3 фотосурет.
0 дауыс
16 жасқа толған соң алады. Алдымен халыққа қызмет көрсету орталығына барып отiнiш бересiз. Сосын ондагылар толық ақпарат береді.  Қандай құжат болу керек жайлы сол жерде айтады.  16 ға толған соң жаңағы құжаттарды алып , Цонга барасыз ,фотоға түсесіз. Паспорт 1 ай көлемінде қолыңызга тиеді.
0 дауыс
16 жастан бастап алады, қалай алатынын білмеймін, әлі түскем жоқ)))
0 дауыс
Уағалейкумассалям бауырым паспортты 17 жасқа 1 жас жетпей тұрып алуға болады.

0 дауыс
Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі 16 жастан бастап беріледі және ол ел аумағында жарамды болып есептеледі. Құжатқа бейғамдық танытуға болмайды. Егер куәлік алуға 16 жастан кейін қамдансаңыз, дайындауға тиісті құжаттардың тізімі артады.

 

мына жерде толықтай http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/ui_state/article/faqs_passport_id&lang=kk
0 дауыс
16 жасқа толғаныма 2  ай болды.ХҚКО куəлікке заказ бермедім.айыппұл салама?
...