0 дауыс
2.4k көрілді
жуырда 11 сыныпқа өтетін емтихан басталады. Соған 2 пәннен билеттер жаттау керек. жаттағандарымды ұмытпау үшін не істеуім керек?

5 жауап

0 дауыс
Тамақ же, су іш, ұйықта, емтиханды мүлдем ойлама.
0 дауыс
Шамаң келгенше жаттағаннан гөрі мазмұнын түсінуге тырысқаның жақсы. Ал, жаттаған нәрседен қателесуің мүмкін.
0 дауыс
Көпшiлiгi автоматты түрде жаттайды ғой, бүгiн жаттағанын ертесiне ұмытады. Сiз түсiнiп жаттасаңыз (көпке дейiн, бiрнеше жыл деугеде болады) ұмытпайсыз. Ауызша тапсыратын болсаңыз жақсы ғой, егер сөзге шешен болсаңыз да пайдасы бар. Ең бастысы өзiңiзге сенiмдi болыңыз! "5"-ке тапсырыңыз!
0 дауыс
Таңертең мейіз бен жанғақ жеу адамның есте сақтау қабілетін арттырады. Мысалыға 5жанғақ 10 мейіз.
0 дауыс
Ең ыңғайлы тәсiлi сол емтихан басталуға 2-3 сағат қалғанда жаттау. Адам қатты қажет еткен кезде, тез арада фотопамять iске қосылады. Яғни ақпаратты 1-2 сағатқа дейiн ұмытпау. Осы тәсiл арқылы 5алуға мүмкiндiк бар. Бiрақ, тек сол жерде ғана есте сақталады. Кейiннен ұмытып қаласың. Ұзаққа есте сақтаймын десең, әрбiр тақырыпты кеңiнен, сол оқиғада болып қайтқандай, берiле оқу керек.
...