0 дауыс
320 көрілді
Автокөлікті СТО да жөндеткен жағдайда, автокөлікті жөндеп жатып, бір бөлігін жарамсыз етіп қойды. СТО қызметкерлері ол ақау болған деп уәж айтуда. Сіздер білетіндей СТО да не чек бермейді. Бұл жағдайда залалды қалай дәлелдеп, өндіріп алуға болады.

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Азаматтар  мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерi мәмiлелер деп танылады. Егер қандай да бір әрекет жасасаң келесі азаматтық құқық субъектісімен мәмілеге келуің қажет.

Соған сай ҚР Азаматтық кодексінің 151-бабында мынандай түсінік береді: мәмiленiң нысаны ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай немесе нотариалдық). Заңдармен немесе тараптардың келiсiмiмен жазбаша (жай не нотариалдық) немесе өзге белгiлi бiр нысан белгiленбеген мәмiле, атап айтқанда, олар жасалған кезде атқарылатын мәмiлелердiң бәрi ауызша жасалуы мүмкiн. Мұндай мәмiле адамның мiнез-құлқынан оның мәмiле жасау еркi айқын көрiнiп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Жетон, билет немесе әдеттегiдей қабылданған өзге де растайтын белгi арқылы расталған мәмiле, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, ауызша түрде жасалған болып табылады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген реттерде мәмiле жасауға ерiк бiлдiру деп танылады.
Әрине бұл құқығыңызды қалпына келтіруге мүмкіндік бар, бірақ ол үшін дәлелдеу қажет. Ал жазбаша нысанда жасалмаған мәмілені растау өте қиынға соғады.

Ал Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңында      тұтынушының орындаушыдан жұмысты орындау, қызмет көрсету фактісін растайтын құжатты алуға құқығы бар делінген.
     Сізге қажет құжаттарды талап ету керек еді.
...