+1 дауыс
926 көрілді
Негізі адамдармен көпшілік ортада өзіңмен жасты, өзіңнен кіші адаммен "сен" деп сөйлескен жақсы ма әлде "сіз" ба?
Сұрақтың жабылу себебі: жақсы жауап таңдалды

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Cіз деген сыпайлылықтың бір белгісі, ал сен бұл комплексіз қарым қатынас жасаудың бір белгісі. Шетелдіктер көбіне өз ата-аналарымен сен деп қарым қатынас жасайды. Себебін сұрағанымда, ата-анамыз бізге бөтен емес, біз бөтен адамдарға сіз дейміз деп жауап қайырған. Мен жолдастарымызбен көбіне сіз -деп қарым-қатынас жүргіземіз, менің ойымша бұл керемет. Сонымен қатар мен де 6-жас үлкен ағаммен сен деп сөйлессем де, оны өте қатты құрметтеймін.
Жақсы пікір.................
+2 дауыс
"Сен " деп сөйлескен дұрыс деп ойлаймын.Сонда қарым-қатынас "сіз"-ден гөрі жақынырақ болады.
Біздің мектепте мұғалімдер оқушыларға "сізсіреп" сөйлейді,  ал мен, тіпті, өзімнен 6 жас үлкен ағама да "сен" деп сөйлеймін, енді бала кезімнен үйреніп қалған едім, ал танымайтындарға үлкен болсын кіші болсын "сіз" дей беремғо. Осы дұрыс па, бұрыс па? Не істеуге болады? Ақыл кеңесіңіз бар шығар "Советчик" Мырза!)))) (сізді солай атасам қалай?)
Өнер адамы деп атай бер.Дегенмен, мына нәрсені айтар едім.Ақылы асса, аға тұт дейді ғой.Осыны естен шығармасаң , болды.
+2 дауыс
-"Үлкенге кіші сен десе,
Адасатын секілді.
Кішіге үлкен сен десе,
Жарасатын секілді"- дегендей шығар. Бірақ кей жағдайларда адамдар өзі жақын тұтатын адамдармен сен деп қарым-қатынас та жасай береді.Бұл олардың арасындағы жас айырмашылығын жойып,ойларын еркін білдіруге,ащық пікірлесуге жағдай жасайды.Бір-бірімен  тете екі інім бар,аралары 1-ақ жас.Өздері екеу ара өте тату, бірін- бірі үлкен ау,кіші ау дегенді білмейді.Сөйлескендеріне қарап отырсаң сұмдық. Содан кішісіне:
-"Ағаң емес пе, сіз деп сөйлесеңші"-десем,ойланып тұрып:
-"Болмайды,екеуіміз келіспей қалсақ,"аға сен албастысыз"-деп сызыламын ба"- деп қарап тұр.Не деймін,мақұл дедім де қойдым.Сондай жағдайлар болады.Аржағын патша көңілің білсін.
Өте әдемі фраза. Ағам екеуіміз ешқашан ұрысып көрмегенбіз, ұрыспай-ақ та қояйық, мен ағамды өте қатты сыйлаймын...
+1 дауыс
Қай кезде де "сіз" деп сөйлескен жақсы ғой. Мен өзім үлкенге де , кішіге де "сіз" деп сөйлеймін. өзімнен 3 жас үлкен апама "сен" деп айтып көрмеппін тіптен.
Менің бұл бала кезден алған тәрбием бе, әлде әдет болып қалған ба, білмеймін, бір-екі рет ағама сіз деп айтуға тырыстым, бірақ ыңғайсызданып қалдым.Бірақ, мен де Жасик сияқты ағамды өте қатты құрметтеймін ғой.  Қалай сіз деп тез үйреніп кетсем екен? Ал енді ертен егде тартқан жасқа келгенде де сенсіреп жүре бере  берем бе деп кейде өзім сондай ой түйемін
...