0 дауыс
3.6k көрілді
Кішкентай ініме суреттері көп кітап көрсетіп отырмын. Кәдімі кірпі суреті, арқасында алма тұр. Ол үстіне алманы қалай салып алады? Бұл ертегі ме жай, әлде кірпі шынымен алманы арқасына салып жүре ала ма? 4-5сынып оқып жүргенде суретін салушы едім алма көтерген осындай. Бірақ өз көзіммен алма көтеріп бара жатқан кірпі көрмеппін. Сіз ше?

2 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Шын өмірде алманы арқасына қоя алмайды. Ол суреттердің бәрі жай жас балаларды қызықтыру үшін, кірпінің тікені адамға зиян емес екенін көрсету үшін. Кірпінің тікені зат тасу үшін емес, жыртқыш аңдардан қорғану үшін берілген. Кірпі өзінің азығын жерден тауып жейді, еш жерге тасымайды, тасыса да аузымен таситын шығар.
+2 дауыс
Бұл, орыс халық ертегiлерiнде кiрпiнi еңбекқор, етiп көрсеткен. Кiрпiнi, түлкiнi, қасқырды, бұғыларды осындай әртүрлi образдарға келтiрiп, мультсериалдарға арқау болған. Осы кiрпi образын Андрей Сивушный ойлап тапқан.

Ұқсас сұрақтар

...