Шын өмірде алманы арқасына қоя алмайды. Ол суреттердің бәрі жай жас балаларды қызықтыру үшін, кірпінің тікені адамға зиян емес екенін көрсету үшін. Кірпінің тікені зат тасу үшін емес, жыртқыш аңдардан қорғану үшін берілген. Кірпі өзінің азығын жерден тауып жейді, еш жерге тасымайды, тасыса да аузымен таситын шығар.