+1 дауыс
40.2k көрілді
Шашым жиi туседi. Шаштын берiтiгiн калай сактауга болады.ЖАНЕ калындату керек!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіздің сұрағаныңыз мына жерде талқыланған  https://surak.baribar.kz/9881/
Назира сұрап жатқаны басқа нәрсе менше.Сосын Aishat айтқандай таздану да емес. Қарапайым күнделікті жәйттердің әсерінен де болуы мүмкін. Шаш түсуі стресс кезінде көбейеді. Сосын режимсіз ұйқы, режимсіз тамақтану бәрі организмде ең бірінші шашқа әсер етеді.

шаштың жансыздануы бекер емес, адам денесінде бірдеме жетіспесе ол бірінші шаш пен тырнақтан көрінеді.  Мүмкін ең қарапайым себептерден болуы мүмкін, Қазақстандағы екі қыздың біріндегі мәселе гемоглобин төмен, не болмаса кальций жетіспеуі мүмкін. Ондайда гемоглобин нормаға келтіріп, жұмыртқаның қабығын үгітіп жесең болады. Эндокриндік аурудың алғашқы симптомы болуы әбден мүмкін. Шаш түсуі қатты үдесе дәрігерге көріну керек.

Ал басқадай маска жасасаң болады. Грэйпфрут, зәйтүн майы, бал. Үшеуін бірдей мөлшерде алып, араластырып басқа жағып қой. Сосын басыңа целлофан пакет не арнайы шапканы киіп алып, сыртынан жылулап орамал орап ал да бір сағат ұста басыңда. Ол кезде үстіңе аямас футболка бірдеме киіп ал, себебі бастағы маска жылудан еріп ақырындап желкеден ағады. кейін шайып шампуньмен шайып жіберсең де болады. Егер оның алдында шашың таза болған болса жәй бір кондиционер жағып шайып жіберсең болады. Себебі зәйтүн майы, қайткенмен де май ғой. Осы масканы жағып алып ұйқтай берсең де болады, басыңды жылы ғып орап алып, бірақ жастық бұлғанып қалмасын байқау керек. Осы әдіспен алғашқы 2 апта бойы күн ара не болмаса 3  күнде бір жасап тұр.Сосын 2-3 аптадан кейін сиретсең болады. Аптасына бір ақ реттен.

Сосын касторовое масло, медициналық спирт пен лимон шырыннын тең мөлшерде араластырып, оны да шаштың түбіне жағып қойып, бұл да солай басқа целлован орап,сыртынан жылылып орамал орап, мұны да ұзақ ұстаған жақсы. Түні бойы ұстасаң мүлдем керемет. Тіпті түскен шаш та тоқтайды. Тек шайғаны біраз қиындау болады. Бұл масканы да басында жиірек кейін сиретсең болады.
Зәйтүн майын кішкене жылытып, өзін ғана жақсаң болады, балмен араластырып жақсаң да әсері жақсы. Тек зәйтүн майы extra virgin oil болсын міндетті түрде. Қай маскаға да экстра вирджин болуы шарт.
0 дауыс
Шашқа ең тиімды әдіс ол пияздың суын маска ретін де жағу керек. Ол шаштың түсуін тоқтатып қалыңдатады. Әрине иісі жағымсыз болады, бірақ пайдасы жақсы.

Шашты жуып орамалмен кептіргеннен кейін жуан тісті тарақпен тарайды. Сондай-ақ оны ұшынан бастап тараған жөн.

Ал шашты фенмен кептірген жағдайда оның режимін жылыға қойып, 15-20 см. қашықтықта 20 минуттай ұстап тұрып кептіреді. Бұлай кептірген шашқа ешқандай зиян келмейді. Егер шашты тез кептіргіңіз келсе феннің режимін күшейту керек. Мұндай да ыстық ауамен кептірмес бұрын шашқа арнайы ласьон жағу керек. Шаштың табиғи әдемілігімен жылтырлығын сақтау үшін күтім жасап қана қоймай, күнделікті ішіп жейтін тағам құрамындағы дәрумендер мен минерал құрамында көбейте түсу керек. А,С,Е дәрумендері шашқа әдемілік пен көлем береді.

Салтанатты кешке барарда арнайы шаш сәнін жасаңыз. Ол үшін шаш сәндеуге арналған керек жарақты пайдаланыңыз. Қолыңызға көлем беретін көпіршікті (мус) молынан жағып, сулы шашыңызды бөліп алып жағыңыз. Кейін шашыңызды бірнеше иірімдерге бөліп, ұлкен көлемді бигудилармен ұшынан бастап орңыз. Шаш кепкен соң бигудилерді шешіп алады. Қолмен бұйраланған шашты жазған соң үстіне қатыратын немесе жылтыр реңк беретін лак себеді.
Шашты қалай тез өсіруге болады 12-кеңес.

1. Шаштараздың қызметінен бас тартыңыз бірақ, шаштың ұштарын үш ай сайын реттеп отыруға болады.

2. Қолданатын тарағыңызды жиі ауыстырып тұрыңыз, тарақ табиғи материалдан жасалғаны дұрыс(мысалы ағаштан немесе пластмассадан) тек темір болмауы тиіс.

3. Күніне екі рет (жиірек) шаштың шатасып қалған тұстарын басыңызды еңкейтіп тарап тұрыңыз бұл бір жағынан бас терісінің қан айналымын жақсартатын массаж болады.

4. Шашыңызды тарағанда барынша мұқият болыңыз ешқандай асығыстық танытпаңыз. Шашты тарауды шаштың ұшынан бастаңыз шатасқан тұстарын тарақпен емес қолмен дұрыстаңыз.

5. Шашыңызды жуатын сусабынды(шампунь) дұрыс таңдаңыз шашыңызға нәр беретін маскаларды қолданыңыз.

6. Шашты жақсы қалыпқа келтіру үшін кәдімгі шикі жұмыртқаны қолдансаңызда болады. Жұмыртқаның ақ уызы майлы шашқа, ал сары уызы құрғақ және көп түсетін шашқа өте көп пайдасы бар. Сіздің шашыңызға жұмыртқаның қай бөлігі дұрыс келетініне сай стаканның 1/2 бөлігіне құйып таза жәнеде суланған шашқа жағып шығу керек. Содан соң 20 минут ұстап болған соң сусабынды(шампунь) пайдаланып бөлме температурасындағы сумен шашыңызды жуыңыз. Бұл тәсілді айына бір рет пайдаланыңыз. Егер сіз жұмыртқаның ақ уызын пайдаланатын болсаңыз, екі апта сайын қолдансаңыз болады.

7. Шашты аптасына екі рет жууға болады бірақ одан көп болмауы тиіс. Бас терісіне ыстық су тимеуін қадағалаңыз су барынша жылы яғни бөлме температурасымен бірдей болса жеткілікті.

8. Шашты жуып болған соң ешқандай фен қолданбаңыз шаштың қалыпты жағдайда кепкені дұрыс.Шаш қыстырғыштарынан да бас тартқаныңыз жөн. Болмаған жағдайда бигудиді қолдансаңыз болады бірақ жатар алдында алып тастаңыз.

9. Шашты жуып болған соң қайда шықсаңызда бас киіммен шығыңыз бұл сізді бас терісіне түсетін зиянды микробтардан сақтайды.

10. Дұрыс тамақтануда шаштың тез өсіп, әдемі болуына ғана емес жалпы өзіңізді сергек сезінуіңізге де күнделікті тағамыңыз көп әсерін тигізеді.

11. Шашыңыздың табиғи әдемілігін қалпына келтіру үшін, күнделікті тағамыңыздың құрамында мына тағамдар тобынан тұрғаны жақсы. Олар: дәнді дақылдар, бұршақты дақылдар, сүт өнімдері, жеміс-жидектер, балық және тауық еті, табиғи шырынды сусындар.

12. Мүмкіндігінше тәтті, ащы, ұннан жасалған және майлы тағамдардан бас тартыңыз. Күнде жеткілікті мөлшерде таза суды ішіп тұрыңыз.

Күнделікті шаш күтімі дегеніміз тыңғылықты және ұқыпты болуды талап етеді. Егерде жоғарыда жазылған кеңестерді күнделікті әдетке айналдырсаңыз сізге шаш күтімі соншалықты ауыр жұмыс болып көрінбейтін болады. Ал сіздер өз тәжірибелеріңізге негізделген шаштың күтіміне және тез өсуіне арналған қандай кеңестер бере аласыздар? Пікір жазу формасы арқылы бөлісулеріңізді сұраймын және де сіздерге шабыт беру үшін әр түрлі шаш үлгілерінен құралған фото суреттер топтамасын көруді ұсынамын. Рахмет!
0 дауыс
шашым жұқа ары көп түседі.нестесем болады қалай қалындатуға болады?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
+3 дауыс
2 жауап
...