+2 дауыс
28.1k көрілді
Менің шашым өте жұқа. Қалай қалыңдатуға болады?

10 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Шашыңызға, түбіне жатар алдын майсана майын қолданылмай жүрген тіс жеткасымен жақсылап жағып шығыңыз. Үстінен полиэтильен қағазымен жауып, жылы орап азанға қалдырыңыз. Таңертеңгісін жақсылап жуып тастаңыз. Аптасына екі рет немесе әр жуар алдын пайдалансаңыз нәтижесі зор.
Майсана майы - кастровое масло дәріханаларда сатылады, бір құтысы 60-70 тенге аралығында. Бір жаққанға біреуі кетеді.
Пы/сы: Майсана майы таздарға да шаш бітіреді, тек еріншектікке жол бермеу керек))) Сондай-ақ, шашыңызбен қатар қас, кірпігіңізге де жағып жатсаңыз, қалыңдатып, ұзартады.
бұл затты (Майсана майы) күнделікті қолдануға бола ма?
иә, Құдайдың құтты күні қолданамын десеңіз де еркіңіз. Немесе былай жасап көріңіз, шашыңызды жуып болып, шаяр кезде шаятын суыңызға (бір ожауға) 2-3 тамшы майсана майын тамызып, араластырып сонымен шайыңыз. Нәтижесі зор!
Майсана майын кирпикке жакканда ешкандай зиян келтирмейме??
еш зияны жоқ. Керісінше, күнделікті ұмытпай жағып тұсаңыз кірпіктеріңіз ұзарады, қалыңдайды. Сондай-ақ қасқа жағуды да ұмытпағайсыз.
Майсана майы козге дм асер етпи ме ? меним козим -3 ?Бул май шаштн осуине де комектесе ме?
Майсана майын шампуньға қосып жууға болама
0 дауыс
Осма жағуға да болады)))
(диалект)  не зат  "Осма" деген ?
Осма - оспа, базарларда сұрастырсаңыз ұрығын сатады. Өсімдік шөп, осы кездерден бастап суы жақын жерге ексеңіз қаумалап өседі, ұзынша сопақ тектес, жапыраққа ұқсайтын өсімдік-өскін. Жапырақшаларды жинап алып, мыжғылап шырынын қасқа, шашқа жағады. Шаш пен қасты қалыңдатып, қара өң түс беруші.
османы көбінесе байқайтыным өзбектертің әйел, қыз-келіншектері жағады екен...Қазақтар да бар шығар, бірақ көбіне  өзбектер жүреді ғо екі қасының ортасын қосып қойып...Сосын тағы кірпікке де жағатын әдеті бар...Мен де байқап көрейін деп есігімнің алдына сеуіп көріп едім...құтыла алмай кеттім...қаптап кетті...
Гуглден .."оспа"..деп іздеп көріп едім....Шөп емес, Құдай сақтасын, бұрын естіп көрмеген жаман аурудың түрі шықты...((Ужас))
0 дауыс
Шаштың қалыңдығы не жұқалығы ол генге, тұқым қуалау заңдылықтарына байланысты. Ол және қоршаған орта жағдайларына байланысты өзгеруі мүмкін.
0 дауыс
"Бальзам для волос активизирующий рост ....." атты бальзам , тым болмаса шампуньдерді алып, жиі қолданып, қолыңмен бір-екі манипуляция жасасаң, шашың "Визуально"  қайратты әрі қалың болып көрінбек. Іске сәт.
0 дауыс

майсана майынын  козге еш асеры жокпа? оны жакканда козым булдырлап китап оки алмай калам

0 дауыс
полиэтиленді деген кагазды калай тусінсе болады????? кандай кагаз озі???????
Кәдімгі күнделікті пайдаланып жүрген ак пакеттерді айтады.
0 дауыс
Шашыңызды сол күйінде қалдырғаныңыз дұрыс деп ойлаймын, шаш баста солай жаратылылған, солай қалады, шашқа қарап адамның мінезін білуге болады.
0 дауыс
майсана майын кайдан алуға болады?
0 дауыс

Майсана майын аптекадан алуга болады 115 тенге турады екен мен алыдым бугин)) осы жерден окыдымда бирден барып сатып алдым

0 дауыс
Қолданып кориін мен каз оқып тұрмын натижесі болса айтам
...