+1 дауыс
433 көрілді
Менiң iнiм Minecraft деген ойынды күнде ноутбукте немесе, компьютерде ойнай бередi. Тiптi тамақты аз iшедi. Арықтап кеткен және таза ауада достарымен ойнамайды. Не iстеймiн? Және бұл ойынды папам да ойнайды. Тек Minecraft-тан басқа ол КС 1.6, покер, тюряга ойнайды. Бұл ойыннан қалай құтылуға болады?
комп пен ноутбукты сатып жіберу керек.

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Бiзге, яғни қазақтарға ондай еуропалықтардың бала тәрбиесiндегi ұстанымдар керек емес. Қазақтар балаға қатал қараған. Олай ырбаңдап, ешқашан бетiмен кетпеген. Әкенiң айтқаны заң болған. Өз басым солай өстiм. Баланы 5 жасқа дейін еркелет, 5тен 15 жасқа дейін құлыңдай жұмса, 15 жастан досыңдай сырлас деген сөз бар. Сондықтан бiрден ойнамайсың. Ендi ойнағаныңды көрсем, ренжiме деп бiрден әсер ететiндей айту керек. Сонда ғана бала бұйрыққа бағынып өседi. Әкесiне дауа жоқ екен, баласымен қосылып ойнап. Онда оған ендi, анасы айту керек.
Қазақтардың тәрбиесі - жабайы тәрбие. Бала деген - еркін болып өсуі керек.
"Құлыңдай жұмса" дегенің нағыз ауылбай тәрбие, қазір заман басқа, тәрбие қатал болмау керек, бірақ, баланы қадағалап тұруды да ұмытпау керек.
Қазақтардың тәрбиесі - жабайы тәрбие
Осы сөзiңмен-ақ қаншама ауқымды алдың. Дың жалғауымен сонау Керей, Жәнiбектен басталған ұрпақтарды жабайы қылып жiбердiң. Осы ата-бабаларымыздың барлығы да тәрбиенi еуропадан алмаған. Әке-шешесiнен алған. Әке-шешенiң берген тәрбиесi заңғар таудың шыңындағы қардай. Сондықтан тәрбиенi тек ата-ана ғана бере алады.
Белгісіз
Дұрыс, қазақ солай өсу керек.Қазір 14 темін 15 ке келгенше құлмында ия?))).
+2 дауыс
Жақындарыңа  түсіндіру керек  ойыннан ешқандай пайда жоқ тек алтын уақытын құрту ғана екенін. Одан басқа қызықты іс табу керек істеуге. Мысалы: Жақсы бір кітап сатып алып сыйла "Ұнататын тақырыбына сәйкес"
0 дауыс
уақытымен өзі жалығады ғой, мүмкін күту керек шығар
+1 дауыс
Менің ойымша "олай болмайды, ойнама" деп айта бергеннен дым пайда жоқ. Керісінше олай айту оның психикасына кері әсер ететін сияқты. Сондықтан сол ойынның қызығы біткенше күтіп, басқа (компьютерлік) ойындарға ауысып кетуін болдырмай қадағалау керек. Ал, оның қызығы біткен соң компьютерден де қызық нәрселер бар екенін көрсетіп, дәлелдеу керек.
0 дауыс
Балаларды тым қаталда, жұмсақта ұстамау керек. Қатал ұстасаң ол да мейірімсіз, тас жүрек болып өседі. Ал жұмсақ ұстасаң ырбақай, бәдік болып өседі. (жалпақ тілмен айтқанда:) жөнсіз жерін айтып орташа ұстау керек,,..
0 дауыс
Рахмет!!

Барын ыстедым

Енды олар компьютерге,ноутбукке жакындамайтын болды

Бырак керек жумыстарды карайды

Ойнап кетсе мен жане мамам екеуымыз кадагалаймыз
...