0 дауыс
33.4k көрілді
Сендер НАҒЫЗ АДАМ деген сөзді айтқанда ойларыңа кім келеді? Неліктен?

7 жауап

+2 дауыс
Менің ойыма нағыз адам деген қайта-қайта келе береді. Нағыз адам дегенді мен Адал, Еңбекқор, Адамгершілігі бар адамдар деп ойлай беремін. Ойыма әрине бірінші өз анан түседі ғой. Нағыз адам нағыз Ана бола алады.
–4 дауыс
Бұл сұраққа ойланбастан түрік актері әрі әншісі Озджан Дениз деп жауап берер едім.
Менің ойымша дүниеде жаман адам болмайды, сондықтан кез келген адам НАҒЫЗ АДАМ деген түсінікке лайық. Жалпы адам адамнан ақыл, мінез, сұлулық, бой деген ұғымдармен ғана ерекшеленеді. Бірақ, кез келген адамның туа бітті мінезі, өзіне тән сұлулығы болады емес пе?  Ал еңбекқорлық, адалдық, табандылық, имандылық сияқты қасиеттер адамның ішкі сезіміне, санасына байланысты. Ішкі жан дүниесі мен сыртқы сұлулығы астасып жатқан адам НАҒЫЗ АДАМ деген ұғымға лайық. Ешкімге жамандық ойламайтын, адамдардың барлығын өзіндей жақсы көретін, періште болмасада, жүрегі ақ адамдар НАҒЫЗ АДАМ деген ұғымға лайық.
Қайдағы бір түрікті араластырғаныңыз болмаса, негізінен жауабыңыз қызықты
Аяу!Сен не деп отырсың?Жерге қарап қалдық қой.Жоғарыда пікір  жазған Беріктің жасы 13-те бола тұра,нағыз адам десе  Анамды еске аламын дейді,ал сен болсаң бәлдір батпақ,өзің сияқтылардың санасын улап жатқан біреуді аналарымыздан жоғары қойғың келеді.Әттең-ай неткен аянышты,неткен өкінішті.
Бұл менің жеке пікірім, мүмкін мен білетін адамдардың арасында ондай адамдар жоқ болғасын солай жазған шығармын. Менің туыстарым мен үшін НАҒЫЗ АДАМ деген түсініктен жоғары, яғни олар мен үшін ӨМІР БОЙЫ ҮЛГІ ТҰТАТЫН БІРЕГЕЙ ТҰЛҒАЛАР. Ал,  АНАМ МЕН ӘКЕМ мен үшін дүниедегі ең қымбат әулие, киелі кісілер.
НАҒЫЗ АДАМ мен ТҰЛҒА деген ұғымды шатастырмайық.
Е мое сол тәкаппар түріктеріңді қатты жек көрем. Сен үшін солар нағыз адам болып есептелсе мен үшін сен нағыз адам болып есептелмей тұрсың.
Неге осындай кезде ғана патриот бола қаласыздар? Елім дегенде сондайсыздар, ал еліміздің дамуы үшін бірдеңе істедіңіздер ме?
1 спам
Біздердің әр бір жетістіктеріміз ол біздің елеміз үшін пайдалы болып есептеледі. Сенімен салыстырғанда нағыз адамдар қатарына барлығын тастап түріктерді тықпаймыз.
(y)....................................
+2 дауыс
Кейде риза болатын көптеген жағдайлар болып жатады ғой, сондай кезде "нағыз еркек екенсің" деген сөзді көп қолданамын.
ал "нағыз адам" дегенде адамгершілігі мол, жағдайы жасалынған адам келеді көз алдыма.
+1 дауыс
НАҒЫЗ АДАМ дегенде өкінішке орай ойыма ешкім келмеді. Барлық адамның кемшілігі болғанымен де, бәрібір бұл өмірде нағыз адам жоқ шығар.................
Менин де нагыз адам дегенде ешким ойыма келмей отыр. Минсиз адам болмайды гой.
0 дауыс
Нағыз адам деген тіркес жоқ сияқты ғо) .....................
0 дауыс
Өте  керемет Маган унады
0 дауыс
Менің ойымшаНАҒЫЗ АДАМ дегеніміз-ол өмірдің мәнісін түсінетін адам деп ойлаймын.Мысалы:кейбір адамдар бай адамды көрсе дереу оның ойы түзу емес деп қабылдай салады.Негізінен бұл дұрыс еместігін баса айтқым келеді.Мен осылай ойлайтын адамдарға айтар кеңесім:біз ол адамның ішкі ойын білмейміз.Мүмкін ол адам иманды,жүрегі таза адам болар?!Сол себепті достар біз көрген адамды өз ойымызбен оның мінез-құлықтарын болжай алмаймыз!
Кешірім сұраймын,әңгімеден ауқып кеткен секілдімін♀️
...