+1 дауыс
20.6k көрілді
Мен мына сұрақты шеше алмай жатырмын орыс тілінде физика деген сөздіенгізген ұлы ғалым

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Физика – материя түрлерін, олардың қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын, яғни, материя қозғалысының жалпы және қарапайым түрлерін зерттейтін жансыз табиғат туралы ең іргелі ғылымдардың бірі. Физика – материяны екіге бөледі. Олар: зат, өріс. Өріс – электромагниттік, графитациялық, т.б. өрістер. Зат – атом, молекуладан құралатын газ, сұйық және қатты күйдегі барлық денелер.

Физика салалары: элементар бөлшектердің физикасы, атомдық және ядролық физика, оптика, қатты денелер, сұйық, газ, плазмалық, электромагниттік өріс, тербеліс және толқындар физикасы, термодинамика, статика, голография, биофизика, шала өткізгіштер физикасы, радио-физика.

Физика жетістіктері – өндіріс роботтарын, күрделі автоматикалық жүйелерді, компьютер техникасын, лазер мен голография салаларын тудырады.

Физика табиғат туралы ғылым ретінде – алғаш рет гректің ұлы ойшылы, тарихта «бірінші ұстаз» атанған Аристотель шығармаларында баяндалады. «Физика» грекше «фюзис» – табиғат дегенді білдіреді. Бұл сөздің ғылыми мағынасын байытуда тарихта «екінші ұстаз» аталған біздің ұлы бабамыз – Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбегі зор. Ал орыс тіліне «физика» деген сөзді енгізген ұлы ғалым М.В. Ломоносов болатын.

Физиканың мақсаты – табиғатта болып жатқан түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу. Мысалы, дененің жерге құлап түсуі, жердің оны өзіне тартуынан туындайды. Жылдың төрт мезгілінің (қыс, көктем, жаз, күз) ауысуы Жердің Күнді айнала эллипс бойымен қозғалуы арқылы түсіндіріледі. Табиғат құбылыстары арасындағы байланыстарды табу арқылы – физика заңдары ашылды. Физикалық құбылыстар мен оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы, физикалық теориялар жасалады.

Физиканың ғылыми тілін, заңдары мен теорияларын оқып үйрену үшін қолданылатын арнайы сөздерді терминдер деп атайды. Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдер – физикалық ұғымдар деп аталады. Сөйтіп, материя, дене, зат сияқты физикалық ұғымдар қалыптасады. Бұл ұғымдардың терең мағынасы – физика мен астрономияны оқып үйрену барысында ашылды.

Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Материяға өсімдіктер, жануарлар, планеталар, Ай, Күн, жұлдыздар да, сондайақ, әр түрлі денелерде, оларды құрайтын әр алуан заттар жатады. Сонымен бірге, кеңістікті толтырып, жан-жақты тарап жатқан жарық сәулелері, яғни электромагниттік толқындар да материяны құрайды.

Кеңістікте белгілі пішіні және нақтылы көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды. Мысалы, қасық, өшіргіш, үрленген шар, үстел, судың тамшысы денелер болып табылады. Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп атайды. Мысалы, затқа күміс, су, ауа, т.б. жатады. Үстел – дене болса, оны құрайтын ағаш – зат. Шеге – дене, шегені құрайтын темір – зат. Ағаш та, темір де дененің сапалық қасиеттерін, яғни тектілігін сипаттайды.

0 дауыс

Фи́зика (от др. -греч. φύσις «природа» ) — область естествознания, наука, изучающая наиболее общие и фундаментальные закономерности, определяющие структуру и эволюцию материального мира.

Термин «физика» впервые появился в сочинениях одного из величайших мыслителей древности — Аристотеля, жившего в IV веке до нашей эры. В русский язык слово «физика» было введено Михаилом Васильевичем Ломоносовым, когда он издал первый в России учебник физики в переводе с немецкого языка. Первый отечественный учебник под названием «Краткое начертание физики» был написан первым русским академиком Страховым.

...