0 дауыс
1.2k көрілді
маған бір қыз жумбак жасырды.  Махабатың 3 формуласы бар екен 3 де сөздікпен  қоиылған жумбак оның жауабын тапай жатырмын өтініш көмектесіздерші бул маган маңызды болып тур

5 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Сүйспеншілік, Тұрақтылық, Шыдамдылық
+1 дауыс
Анау қыз что-то қияли екен
+2 дауыс

«..Махаббатты өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады. Адамның жыныстық соқыр сезімінен туған сусыма жүйрік тілек толқынға ұқсаса, шын санадан шыққан жан тебірентер жақсы мұрат, асыл арман тізбегі махаббаттың тереңдігін танытады. «Бір көргеннен ғашық болу» деген сөз де сол толқын іспеттес, ол тән құмарлығынан туған жалт етпе сезім ғана. Алғашқы лап еткен сәтте оның күшті боп көрінуі де ықтимал. Тән құмарлығы алдамшы, өткінші, тұрақсыз сезім. Онда шынайы махаббатқа лайық тереңдік жоқ. Теңізді бірінші рет көрген адам оның суының ащы немесе тұщы екенін, астында не барын бірден білмейді. Мұны теңізге түсіп көріп, түбіне талай сүңгіген адам ғана айта алады.
Сонымен, «бір көргеннен ғашық болу» деген ұшқары сөз. Бір көргеннен тек ұнатуға, қызығуға, құмартуға болады. «Құмарту-ғашықтық емес. Адам жек көре тұрып та құмарта береді» (Ф.Достоевский). Ал бірсыпыра жастар бірін бірі ұната сала: «Бітті, біз ғашықпыз» деп есептейді. Сөйтіп, қолма-қол сүйісіп, сүйкенісіп жібереді. Көзді ашып-жұмғанша ерлі –зайыпты боп та шыға келеді. Олар мұның шынайы сезім емес екенін артынан аңғарады. Содан соң бір –бірімен айтысып, ажырасып әлек болады.
..Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос күйеу тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жол серік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты.
..Махаббат мәңгілік болуы үшін, оның оты өшпеуі үшін оған жұп боп қосылған екі жақ кезек «тамызық» тастап отыруы парыз. Мұның өзге ешбір математикалық формуласы жоқ. Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық.
Махаббаттың да досы мен қасы бар. Досы: ұят, ар, борыш. Қасы:ашу, қызғаныш, кикілжің, қоржаң, осылардың әзәзілі-арақ. Жас жұбайлардың бірін-бірі сүйіп қосылуымен іс бітпейді. Олар қосылғаннан кейін де өз махаббатын гүлдей мәпелей беруі тиіс.
Сайып келгенде әр адам-өз махаббатының бағбаны. Солып қалмауы үшін қай гүлге қашан су құю керектігін бұлжытпай білетінбағбан тәрізді, адам да өз махаббатының үнемі жайқалып тұруына тыңбастан жағдай жасап отыруы тиіс.

+1 дауыс
Басымды катырмаш отырайын енди сол
0 дауыс
Кешірімшіл болу керек.
...