0 дауыс
468 көрілді
Мен кезінде Астанадағы НИШ (Назарбаев Зияткерлік мектебіне) түсе алмадым. Енді осы жылы менің бір туысым түсті. Менің көзімше үлкендер оны мақтай отырып, менен "Сен түсе алмадың ғой, неше бал жетпеді" деп сұрайды. Оның менен артық екенін бетіме басады. Мен енді не істеймін, қалай шыдаймын?

8 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Олда бір сынақ қой. еңсеңді түсірмей табысқа жетудің жолын ізде, мейлі қандай мектепте оқысаңда өз біліміңді көрсете біл. Адам өткенмен емес, болашақпен өмір сүреді.
+2 дауыс
Олай еңсеңдi түсiрме. Үлкендердiң әдетi ғой. Мүмкiндiк болса жақсылап дайындалып, қайта тапсыр. Аллах сынаққа төзiмдi құлдарына ғана береке, бақ бередi.
+1 дауыс
Сен де олардың беттеріне басып айтпадың ба: "Ол жаттап алған" -деп.
+1 дауыс
Үлкендер айта береді, назар аударма! Бұл өмірдегі сынақ деп біл. Бір рет түсе алмасаң одан кем емессің! Келеси жолы тапсырарсын!
+1 дауыс
Өмір кезек,бүгін сен оның істегенін істей алмасаң,ертең ол сенің деңгейіңе жете алмайтын болады. Тек сен өзіңнің мықты екеніңді сөзбен емес,іспен дәлелдесең болғаны
+1 дауыс
Үлкен отбасы әулеттерде болып тұратын жағдай. Шыда барынша. Негізі мен болсам, дым мән бермес едім. Түссе, түсе берсін. Қанша артық балл жинасада.
0 дауыс
Алла разы болсын бәріңізге
0 дауыс
адаа баласынын бари бирдей
...