0 дауыс
Жабыдан тұлпар шаппаса да. Нарманбет Орманбетұлы  осы өлең керек еді тауып бересіздерма?
07.04.2016 999 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Жабыдан тұлпар артық шаппаса да,

Тексізден текті тумас мақтаса да.

Баласы құладыннын қу ілмейді,

Алтыннан тұғыр жасап сақтаса да.

 Ұстаз бен ата-ананың тілін сыйла,

Балға ұрып, жездей қылып қақтаса да.

 Қылмаса тәңірім қаһар еш нәрсе жоқ,

Үстінен рапорттап, хаттаса да.

 Кісімен жаман жәһил болма жолдас,

Жыланнан сақтанып жүр шақпаса да.

 Адамға көңілі бұзық болма жолдас,

 Найза ұстап саған арнап шаппаса да.

 Ақ қауын ас болмайды шайнағанмен,

Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен.

 Көнбейді жаман адам ынтымаққа,

Шошқа жөнге жүрмейді айдағанмен.

         1905 жыл

 

http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Adebi_omir/Ormanbetuly_N/Tolgauy_toksan_kyzul_til.pdf

Мына жерден алынды.
08.04.2016
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы