+1 дауыс
1.4k көрілді
Пендеміз ғой, мына өмірде адамдарға көп ренжиміз, көп ренжітеміз, сол реніштерді ұмытып бір сәт болсын қуанғанға не жетсін?! Адам күніне бір сәт болса да өзін-өзі қуантып тұрғаны дұрыс. Өзіңізді сәл мақтап, өзіңізге ұнайтын жақсы қасиеттеріңізді, елден ерекше жақсы мінезіңізді, дарыныңызды, өнеріңізді айта кетсеңіз, ең жаман деген адамның да бір жақсы жағы болады, ондай жақсы қасиет сізде де бар. Өзіңіздің қандай жақсы қасиетіңіз бар? Елден ерекше қандай талант, дарыныңыз бар? Қандай өнеріңіз бар? Ең болмағанда өміріңізде істеген бір жақсылығыңызды айта отырыңыз.. Бұл сұрақты пайдасыз, бос сұрақ деп, өшірмеңіздер, әр адамның ашылмай жатқан жақсы қасиетін, өнерін анықтауға көмектесейік, қалай өнерді шыңдауға болатынын айтып кеңестер берейік, бір-бірімізге көмектесейік достар..
Сұрақтың жабылу себебі: Жапқым келді...

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Менің қасиетім керемет деуге келмес дегенмен прколдарым өтімді адамдардың, достарымның жүзіне қуаныш күлкі үиірілту маған сондай керемет әсер береді, және жүзуге қатыспасамда жақсы жүзем! :)
+2 дауыс
Мен кішігірім ақынмын.Және шығарма жаза аламын.
+2 дауыс
Қарапайым менде пендемiн. Адамдар бiрiнiң iстегенiн бiрi қайталай алады. Әр адам өзiнше индивид дейтiн болсақ, кез-келген адамда бiр-бiрiнiң мiнездерi ұқсас келгенiмен екiншiсi басқа қырынан өзгешелеп тұрады. Басты ерекшелiк осы. Ал ақылдылық, ерекше дарын иесi, вундеркинд, полиглот екен деп бөлгенiмiзбен оны да басқа адам қайталай алады. Тек талпыныс, iзденiс, шыдамдылық керек. Тек пенделердi бiр-бiрiнен ерекшелейтiн саусақ таңбалары. Әлемде 7миллиардқа жуық адам болса, солардың ешқайсысының бiр-бiрiнен ұқсастық көре алмайды екенбiз.
+2 дауыс
Менің ерекше қасиетім өлең шығара аламын.
0 дауыс
Менің ерекше қасиетім бұндай сұрақтарды ойланбастан жаба салам
Керемет ерекшелік екен.
0 дауыс
Менің арасында ерінетін әдетім бар.

Ұқсас сұрақтар

...