0 дауыс
74.3k көрілді
Жапырақ неге жасыл себебі неде?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Себебі жапырақтың құрамында пластидтер болады. Пластидтер өсімдікке жасыл түс береді. Митохондриялар мен пластидтер Митохондриялар жасушаның тыныс алу үрдісіне қатысып, жасушаның басқа құрылымдары пайдалана алатын түрдегі энергия бөліп шығарады. Басқа органеллалардан митохондрияларның айырмашылығы, оларда өздерін қайта құруға және ақуыздар синтезіне қажетті жеке генетикалық жүйенің бар болуы. Митохондрияларда, ядроның ДНҚ, РНҚ, рибосомаларынан өзгеше, өз ДНҚ, РНҚ және рибосомалары бар. Олар прокариоттардың ДНҚ, РНҚ және рибосомаларына ұқсас келеді. Пластидтер - өсімдіктердің арнайы органоиды. Олардың үш типі бар: түссіз (мөлдір) – лейкопластар, жасыл – хлоропластар, реңі қызыл-сары түсті – хромопластар. Хлоропластар дың басты қызметі – фотосинтез. Лейкопластар қоректік заттардың қорын, әсіресе крахмал жинақтайтын түссіз, домалақ пластидтер. Хромопластар лейкопластар мен хлоропластардың стромаларында каротиноидтардың жинақталуынан пайда болатын қызғылт-сары және сары түсті пластидтер. Олар гүл күлтелерінде, піскен жемістерде, кей жағдайларда – тамырсабақтарда, күзгі жапырақтарда кездеседі.
0 дауыс
Қарапайым тілмен айтқанда.. Күн сәулесінің қызыл түсті спектірін көп мөлшерде өзіне сіңіріп, жасыл түсті спектірдегі сәулені шағылтады.

Және мына видеоны қарап шығуды ұсынамын.

https://vk.com/video_ext.php?oid=172991065&id=163208752&hash=f8289b4c974b1671&hd=3
0 дауыс
Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақжүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену — негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады (інжугүл, жолжелкен.)
+1 дауыс

Жапырақтың жасыл болу себебін анықтау!

Жобаның міндеттері:жапырақ түсінің жасыл болу себебін зерттеу, өсімдікте фотосинтез процесінде күн сəулесінің маңызын, фотосинтез процесінде хлорофилл дəндерінің маңызын білу. 

Күтілетін нəтиже:тақырыпты зерттей отырып, жапырақтың жасыл болу себебі анықталады; хлорофилл, фотосинтез деген процеске қатысып, өсімдіктің өсіп-жетілуін қамтамасыз етуі байқалады; ағаштардың қурап, шірігеннен кейін көмір сияқты отындарға айналып, адам игілігіне жаратылғаны анықталады.

Жапырақ– өсімдіктің ең маңызды өсімді мүшесі. Өсімдік түрлеріне қарай жапырақтардың құрылысы да əр түрлі болып келеді. Жапырақ алақандарының пішініне қарай жүрек тəрізді, бүйрек, ромб, жебе тəрізді, қылқан жапырақты болып бөлінеді. Жапырақтарының пішіндеріне қарап, өсімдіктің тарихи дамуын, шыққан тегін анықтайды. Жапырақтардың астыңғы жəне үстіңгі жақ беттеріқалың қабықшалы, бір-біріне тығыз жанасып жатқан мөлдір жасушалармен қапталады. Бұл жабынды ұлпадан тұратын қабықша – жапырақ өңі деп аталады. Өң жапырақты зақымдалудан, кеуіп кетуден сақтайды. Өңнің астында жасыл жасушалардың бірнеше қабаты орналасқан. Олар фотосинтездеуші ұлпаны құрайды.

Фотосинтездеуші ұлпа жасушаларында фотосинтез жүретін хлоропластар болады. Жапырақтың жасыл болу себебі хлорофиллдың арқасы. Олар жасыл химикаттар. Осы химикаттар жапырақты жасыл түске бояйды. Онымен қоса олар Фотосинтез процесін қолдайды. Жеке организмдер осы энергияны өздерінше түрліше пайдалануы мүмкін. Бірақ органикалық заттардың кері қарай өзгерулерінің көп түрлі болуына қарамастан, олардың алғашқы синтезделу жолы барлық организмдер үшін бірдей. Бұл жол – фотосинтез, күннің электромагниттік энергиясының атмосферадағы көміртегі қос тотығыныңөсімдікте тотықсыздануынан пайда болған органикалық заттардың химиялық энергиясына айналуы. Басқаша айтқанда, бұл қарапайым анорганикалық заттардың (СО2, Н2О) өсімдік күн сəулесінің əсерінен органикалық қосындыларға айналу процесі. Енді бəрін қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, əр жапырақта көптеген хлорофиллдар болады. Олар кішкене зауыттар секілді, қарқынды жұмыс жасайды. Дəлосы зауыттар өсімдіктің өсіп-жетілуінің негізі.

Осы кезде бір сұрақ туындайды. Ол – «Өсімдіктің негізі (қоректендірушісі немесе өсірушісі) тамыр емес пе?» — деген. Иə, тамыр – өсімдіктің өсірушісі, бірақ құр тамырдың өзі бір ағаш түгілі бұтақты да өсіруге шамасы келмейді. Сондықтан хлорофилл маңызды рөл атқарады. Ұлпа фотосинтездеуге қоса судың булану, заттардың қозғалу əрекеттеріне қатысады. Фотосинтездеуші ұлпада ауаға толы жасушалар болады. Олар босаң орналасқанда ауа жасуша аралықтарына лепестік арқылы өтеді.

Фотосинтез кезінде жарықта бейорганикалық заттардан (көмірқышқыл газ, су) күрделі органикалық зат – крахмал түзіледі. Крахмал хлорофилл дəндерінде пайда болады. Жапырақтың түссіз өңінен күн сəулесі еркін өтеді. Жапырақ өңіндегі лепестіксіз саңылаулары арқылы ауадан жапыраққа көмір – қышқыл газы өтеді, ол жапырақтың жұмсақ бөлігінің жасушаларына барады. Жапырақтың жұмсақ бөлігіндегі жүйкелер арқылы келген су күн сəулесі энергиясының əсерінен көмірқышқыл газымен қосылады да, көміртегі, сутегі, оттегінен тұратын крахмал түзіледі. Сөйтіп, жапырақтың жұмсақ бөлігіндегі жасушаларында хлорофилл дəндерінде өсімдіктердің тіршілігіндегі маңызды құбылыс – органикалық заттардың түзілу құбылысы болып табылады.

Фотосинтез негізін салған орыс ғалымы Климент Аркадьевич Тимирязев (1843- 1920) «Күн, тіршілік жəне хлорофилл» деген еңбегінде жапырақтың хлорофилл дəндерінде жарықтың əсерінен органикалық заттар түзілетінін дəлелдеп берді. К.А. Тимирязев: «Жасыл жапырақтар табиғи жағдайда органикалық емес заттардан органикалық зат түзетін бірден-бір лаборатория», — деп атап көрсетті. Транспирация немесе судың булануы да жапырақ арқылы реттеліп отырады. Сонымен бірге, жапырақта тотығу (тыныс алу) процесі кезінде организмнің тіршілігі үшін өте қажетті энергия босап шығады. Басқа органдардағы сияқты жапырақта да қоректік заттар қоры жиналады.

Тек жасыл өсімдіктер ғана жарықта ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді де, айналадағы ортаға оттегін бөліп шығарады. Ауада оттегі неғұрлым көп болса, тыныс алу соғұрлым жеңілдейді. Қалалар мен ауылдардың ауасын оттегімен байыту үшін, аулалар мен көшелерді, демалыс орындардың көгалдандырудың маңызы өте зор. Адам саны тығыз жəне өндіріс орындарынан, көліктерден шыққан түтіндер мен зиянды газдардан ауа ластанғандықтан, қалада алуан түрлі ағаштар, бұталар отырғызу жұмыстарына ерекше мəн беріледі.

Жасыл өсімдіктер суды буландыру арқылы ауаны ылғалдандырады, желге тосқауыл болады. Сондықтан адамдар оларды елді мекендерді көгалдандыруға пайдаланады. Əдетте, ағаштарды көшенің екі жағына егеді. Ағаштарды машиналар көп жүретін кең, түзу көшелердің ортасына да жолды екіге бөліп тұратындай етіп отырғызады. Олар көшенің екі жағынан ерсілі-қарсылы жүріпжатқан машиналардың шаңын жұтып, шуын бəсеңдетеді.

Тыныс алу жолдары ауыратын адамдарды айналасы қарағай, шыршалармен көгалдандырылған тынығу орындарына жібереді. Қарағай, арша, шырша, қайың, мойыл ағаштары өзінен ұшқыш заттар бөледі, ол заттар ауадағы зиянды микробтарды өлтіреді. Өсімдіктер жапырақтағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратындықтан елді мекендерді көгалдандырудың мəні зор.

Өсімдіктерді бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі – бөлме өсімдіктерінің сəндік мақсатта өсірілуі. Бөлме өсімдктері қысы-жазы жапырақтарынтүсірмей, мəңгі жасыл болып тұратындықтан, ерекше сəн береді. Көптеген түрлері гүлдейді, мұның өзі адамға эстетикалық лəззат беріп, көңіл-күйіне ерекше жағымды əсер етеді. Олар күндіз көмірқышқыл газын сіңіріп, өздерінен оттегін бөліп шығарады да, бөлменің ауасын тазартады. Бөлме өсімдіктері бөлменің ауасын ылғалдандырады, кей түрлері өзінен зат бөлетіндіктен, ауадағы кейбір зиянды микробтарды өлтіреді. Жасыл өсімдіктер жəне солар арқылы табиғаттағы зат алмасуынсыз Жер бетінде тіршіліктің болуда мүмкін емес. Яғни жапырақта негізінен тіршілікке қажетті үш процесс жүреді. Олар: фотосинтез, суды буландыру, газ алмасу.

Қорытынды:

  1. Жапырақтың жасыл болу себебі – жапырақтағы мыңдаған, тіпті миллиондаған хлорофиллдердің арқасы.
  2. Бұл хлорофилл фотосинтез деген күрделі процеске қатысып, өсімдіктің өсіп- жетілуін қамтамасыз етеді.
  3. Жапырақта негізінен тіршілікке қажетті үш процесс жүреді: олар фотосинтез, суды буландыру, газ алмасу.
  4. Кейін талай жыл өте келе ағаштар қурап, шірігеннен кейін көмір сияқты отындарға айналып, адам игілігіне жаратылады.
  5. Жасыл өсімдіктер қалалар мен ауылдардың ауасын оттегімен байыту үшін маңызды. Қарағай, арша, шырша, қайың, мойыл ағаштары өзінен ұшқыш заттар бөледі, ол заттар ауадағы зиянды микробтарды өлтіреді. Өсімдіктер жапырақтағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығаратындықтан елді мекендерді көгалдандырудың мəні зор.
...