+1 дауыс
45.8k көрілді
Жасыл көл, жасыл бел, жасыл теңіз, жасыл орман, жасыл жағалау... жасылдың жақсылыққа жетелейтіні анық.

Тайгада, жалпы шырша ормандарында өсетін шөптердің гүлі ақ болып келеді. Құдды жасыл шыршаның ерекшеленуіне табиғаттың өзі көмектесіп тұрған сияқты.

Шырша ағашының қыста да, жазда да, тіпті жылдың төрт  мезгілінде жап-жасыл болып тұруы ойландырады. Рас, ағаштардың жыл бойы көгеріп тұруы ыстық елдерге тән. Ол жақта жапыратардың жерге түсіп, сарғаюы екіталай.

Шырша неге жыл бойы жап-жасыл?

1 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Шыршаның жапырақтарының орнын оның тікендері басқаны белгілі. Шыршаның жыл бойы жап-жасыл болып тұруының себебі -оның тікендерінің мөлшерінің кішкентай болуына, сонымен қатар оның үнемі жаңарып отыруына байланысты. Шыршаның тікендерінің  бір жылда  70 пайызы ауысады. Шыршада да өзге өсімдіктер секілді фотосинтез процесі жүреді. Олардың бір ерекшелігі қатал климатқа жақсы бейімделгендігі болып табылады. Тікендерге жасыл түсті хлорофилл береді. Хлорофилл грек тілінен аударғанда χλωρός (хлорос) - «жасыл» және  φύλλον(филл) - «жапырақ» дегенді білдіреді. Бұл өсімдіктерге жасыл түс беретін пигмент болып табылады.

Ұқсас сұрақтар

+3 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
...