0 дауыс
2.1k көрілді
Қандай жануардың есте сақтау қабілеті ең жақсы?

5 жауап

+1 дауыс
Кептерлердің есте сақтау қабілеттері өте жақсы. Олар өздерінің саяхаттарының бағдарын жаттап алады. Сонымен бірге, олардың навигациялық мүмкіндіктері де мықты. Осы мүмкіндіктерін білген ежелгі адамдар кептерлерді хабарламалар тасу үшін қолданған. Сонымен қатар көптеген ақпаратты ұзақ уақытқа есінде бабуиндер де сақтай алады.
0 дауыс
Есте сақтау қабілеті көп түрге бөлінеді, мысалы "қысқа мерзімді еске сақтау" шимпанзеге 1 сек 10 түрлі зат көрсетсе соның бәрін есте сақтайды (адамнан да асып түседі), ал ең ұзақ есте сақтау қабілеті пілдерде дамыған олар балалық шағында көрген жолын өлгенше естен шығармайды, ал дыбыстық есте сақтау дельфиндерде қатты дамығавн
0 дауыс
Теңіз арыстандарының есте сақтау қабілеті өте жақсы дамыған.

Және де пілдердің есте сақтау қабілеті адамды таң қалдырады, кейбіреулер оларды, болған оқғаны ешқашан ұмытпайды деп ойлайды.

Ал иттердің есте сақтауы 5-ақ минут екен, ал мысықтардың есте сақтауы 16 сағатқа дейін.
0 дауыс
Ал мынаған не дейсiз? Алтын балықтар 3 секундтан соң қай жерде жүзіп жүргенін ұмытып қалады екен. Есте сақтау қабілеті 3 секунд қана деген сөз. Ең ақылды жылқы! Әріп танитын ақылды жылқы санауды да біледі? 54 жастағы америкалық Карен Мёрдок әлемдегі ең ақылды жылқының иесі болып табылады. Оның Лукас есімді жануары екі аяқтап отыруды және лақтырылған таяқты әкеліп беруді біледі. Сондай-ақ, 19 таңба мен әріптерді білетін ерекше жылқы санауды да үйренген. 10 жыл бұрын ат жарысына қатыса бастаған Лукас аяқ астынан ауырып қалған соң, оны қазіргі қожайыны асырап алған екен. "Мен бала күнімнен жылқы жануарын жақсы көремін. Сондықтан Лукасты көргенімде, оның ақылды екенін бірден білдім" дейді Карен. "Лукас менің бұйрығымды естіген бетте бірден айтқанымды орындауға тырысады. "Маған кел!", "Отыр", "Апорт" сыңайлы сөздерді дауыстап айтсам болды, құдды бір адам секілді құлдыраңдап іске көшеді. Қайталау әдісін пайдаланып, пішіндер мен сандарды үйреттім" деп ағынан жарылды ол.  19 жасар Лукас сөз түсінетін саналы ат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Кареннің жары Дуг пен қыздары Анджела да атты ерекше жақсы көретін көрінеді.
0 дауыс
Өзім білетін жануарлардан - ит пен мысықтың есте сақтау қабілеттері жақсы. Мысалы сол екеуінде үйден алысқа апарып тастасақ, бәрібір үйге қайтып келе береді. Және асырап-баққан иесін ұмытпайды.
...