0 дауыс
11.6k көрілді
Физикада пәні бойынша 7 сыныпқа арналған емтихан билеті

1.Табиғат және адам

2.Көлбеу жазықтық.Механиканың Алтын ережесі

3.100 см квадрат ауданға 50 Н күш әрекет етеді. Қысымды анықтаңдар?

Жауап жазып бересіздерме?

5 жауап

0 дауыс
P=F/S=50/0.01 = 5000 Па
+1 дауыс
1. Табиғат құбылыстары-табиғатта болатын кез келген өзгерістер.

2. Күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтыламыз!

3. P=F/S=50Н/0.01=5000 Па(Паскаль)
+1 дауыс
2-билет

1. Физика табиғат туралы ғылым.

2. Барометр.  Манометрлер

3. Өлшеуіш сызғышты пайдаланып біртекті ұзақ заттардың орташа диаметрін қалай анықтауға болады. Мысалы: бидай дәні, моншақ. т.с.с  

 

3-билет

1. Астрономия аспан денелері туралы ғылым.

2. Сорғылар

3.  Қуаты 30Вт желдеткіш 10 мин-та қанша жұмыс істейді?

 

4-билет

1. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері.Бақылау.  Физикалық эксперимент. Физикалық теория.

2. Аэрометрлер

3. Судың 0,6м  тереңдіктегі қысымы неге тең? (r=1000кг/м3, g=10н/кг)

5-билет

1. Физикалық шама. Оны өлшеу дәлдігі. Шамаларды өлшеу.

2. Архимед күші.

3. Таудың етегінде атмосфералық қысым 101325 Па, таудың басында   111325  Па. 1000Па қысым 10м-ге тең. Таудың биіктігін анықтаңыз.

 

6-билет

1. Өлшемнің метрлік жүйесі.

2. Су көлігі. Ауада ұшу.

3. 2м биіктіктен төмен түсіп келе жатқан массасы 400 г дененің кинетикалық энергиясы: (g=10м/с2 )

 

7-билет

1. Атомдар мен молекулалар. Молекулалар қозғалысы

2. Беттік керілу.

3. Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 0,00003; 9250000; 0,0046.

 

 

 

 

8-билет

1. Заттың күйлері

2. Дененің қозғалыс бағытында әрекет ететін күш жұмысы

3. Массасы 600 кг , көлемi 0,23 м3 тасты су iшiнде көтеру үшiн      қандай күш жұмсау керек?

 

9-билет

1. Механикалық қозғалыс. Планеталар қозғалысы

2. Жұғу. Қылтүтіктер .

3. Сыйымдылығы 15 м3 аквариумға су құйылған . Аквариумдегi     судың массасы қандай? Судың тығыздығын 1000  кг/м3 тең деп алыңдар.

 

10-билет

1. Күн жүйесінің құрылысы. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

2. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

3. Қатаңдығы 104 Н/м серіппе 3 см сығылғанда, оның потенциалдық энергиясы

 

11-билет

1. Материалдық нүкте. Қозғалыс траекториясы.

2. Денелердің жүзу шарты.

3. Жер бетінен 3м биіктікке көтерілген массасы 2 кг дененің потенциалдық энергиясы: (g=10м/с2 )

 

12-билет

1. Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс..

2. Қуат

3. Дененің  белгілі бір биіктіктегі потенциалдық энергиясы 200 Дж, ал кинетикалық энергиясы 300 Дж болса, оның толық механикалық энергиясы неге тең?

 

13-билет

1. Жылдамдық оның бірлігі. Орташа жылдамдық

2. Денелердің өзара әрекеттесуі

3. Двигательдің қуаты 1000Вт, 10 минутта двигательдің атқаратын жұмысы неге тең?

 

14-билет

1. Инерция. Кеңістік және уақыт.

2. Бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс графигі

3. Тарту күші 80 кН және жылдамдығы 10 м/с электровоздың қуаты:

 

 

 

15-билет

1. Күш. Динамометр. Күштерді қосу.

2. Энергия.

3. Велосипедші бірқалыпты қозғалып, 30 мин ішінде 9км жол жүрген. Велосипедшінің жылдамдығын м/с-пен есептеп табыңдар.

 

16-билет

1. Гук заңы. Деформация

2. Дененің кинетикалық энергиясы

3. Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай аралықты өтеді?

 

17-билет

1. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші

2. Механикалық энергия, оның сақталу заңы

3. Массасы 4кг жәшікті 2,5м биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?

 

18-билет

1. Дененің салмағы. Салмақсыздық

2. Потенциалдық энергия

3. Автомобиль алғашықы 40 минутта 60 км/сағ жылдамдықпен, одан кейінгі 20 мин ішінде 30 км/сағ жылдамдықпен қозғалды делік. Автомобильдің орташа жылдамдығы қандай болады.

 

19-билет

1. Үйкеліс күші. Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

2. Күш моменті.

3.  «Мерседес» автомобилі 2 сағатта 110кДж жұмыс атқарса оның қуаты неге тең?

 

20-билет

1. Қысым. Қысымның берілуі

2. Тыныштықтағы денелердің тепе-теңдігі.

3. Массасы 3 кг, ал көлемі 200 см3 металдың тығыздығы қандай?

 

21-билет

1. Паскаль заңы.

2. Иінді таразылар.

3. Болат серіппе 245Н күш әрекетінен 35 мм-ге ұзарады. Серіппенің қатаңдығын анықтаңдар.

 

 

 

 

 

22-билет

1. Гидравликалық машиналар. Газдың қысымы

2. Жай механизмдер

3. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әрекет етеді: F1=50H;  F2=100H;  F3=150H. Олардың тең әрекетті күші неге тең?

 

 

23-билет

1. Ауырлық күшінің әсерінен сұйықтар мен газда болатын қысым.

2. Жол және орын ауыстыру

3. Массасы 50 кг дене 200 Н күштің әрекетінен жазық жерден бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?

 

24-билет

1. Физика және техника

2. Қатынас ыдыстар. Су құбыры

3. Шынжыр табанды  ДТ-75М тракторының массасы 6610 кг, ал оның екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м2. Осы трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын табыңдар.

 

25-билет

1. Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі

2. Механизмнің ПӘК-і

3. Жалпы массасы 50 т реактивті ұшақты ұшқыш Жермен салыстырғанда 300 м/с жылдамдықпен басқарып келеді. Ұшақтың кинетикалық энергиясы қандай?
0 дауыс

маган 4 билет 3 тапсырмасы,5 билет 3 тапсырмасы, 6 билет 3 тапсырма, 8 билет 3 тапсырма, 14 билет 3 тапсырма, 15 билет 3 тапсырма, 16 билет 3 тапсырма жане 17 билет 3 тапсырмасы керек

0 дауыс
Жауабы 50:10квадраты)=0,5Па апай дұрыс деді
...