0 дауыс
1.5k көрілді

Микронаушникті 1-2 сағатка қолданса кұлаққа зияны барма? 

2 жауап

0 дауыс
Оның зианы құлаққа тді. Адам жәй тыңдаған болса 80 дв ға жетеді,егер қатты болса 120 дв болады. Мен оны көп колдана бермеймін.
0 дауыс
Иа наушниктің зияны бар, дегенмен соңғы кездері құлақ ауырлауы жастар арасында да жиі кездесетін болып жүр. Ал тиісті зерттеу жүргізген мамандар мұның бірнеше себептерін атап көрсетуде. Осының ішінде ең жиі кездесетіні – музыканы құлаққа «наушник» киіп немесе үнемі қатты қойып тыңдау. Ол құлақты зақымдайды. Зақым бір реттік (мысалы, дискотекаға, тойға, түнгі клубқа, концертке барғанда) және бірнеше дүркін (құлаққа плеер киіп жүргенде) болуы мүмкін.

Әсіресе плеерді жастардың басым көпшілігі көлік ішінде, көшеде өзге дыбыстарды басу үшін барынша қосып қоятыны бар. Мұндайлар бірте-бірте кейбір дыбыстарды ажырата алмайтын, шала, қағыс еститін, тіпті естімейтін де болады.
    Жалпы, плеерді күніне бір сағаттан артық қолдануға, соның өзінде де оның дыбысын шамадан тыс қатты қоюға болмайды. «Наушниктің» де зияны сол сияқты.
     Құлақ мүкістігіне үлкен қала тұрғындарының өмір салты да әсер етеді. Яғни олар үнемі бір нәрсеге асығып, қарбаласта жүреді, жұмысы көп, демалыс уақытын тиімді пайдалана алмайды, дұрыс тамақтанбайды. Ринит сияқты тыныс жолы ауруларына немқұрайды қарау, одан толық емделмеу де құлаққа өз зиянын тигізеді. Осы риниттен, мысалы, отит туындайды, өз кезегінде ол құлақтың есту қабілетін төмендетеді. Егер де суықтап ауырғанда құлақ біткені сезілсе, онда міндетті түрде дәрігерге көрінген абзал. Жалпы, құлақ естуі төмендеген, ол ауырған кезде міндетті түрде дәрігерге көрінген жөн.
   Құлақтың естімеуі деген адам үшін үлкен азап. Ол күнделікті ақпараттардан мақұрым қалады, бірте-бірте жұртпен түсінісуі, араласуы төмендейді. Ол кейін басқа да аурулардың бой алуына себепкер болады. Ендеше, құлағыңызға да қамқорлықпен қараңыз.
...