0 дауыс
2.1k көрілді

тезірек аударып беріңіздерші!!!!

1 жауап

+1 дауыс
Қымбатты достарым, мен бұл хатты Англиядан жазып отырмын. Менің атым Нелл Смит. Жасым он үште. Жалпы білім беретін орта мектепке барамын. Ол өте үлкен мектеп. Біздің елде ұлдар мен қыздар бірге оқитын көптеген мектептер бар, бірақ кейбір ұлдар мен қыздарға арналған мектептер де бар.

Біздің мектеп өте үлкен және бізде мұғалімдер мен оқушылар көп. Бізде директор(әйел), орынбасар, отыздан аса мұғалімдер мен мыңға жуық оқушы бар. Бұл мектепте академиялық және академиялық емес пәндер бар. Сіз тіпті медбике мен үй шаруашылығының пәндерін де таңдай аласыз.

Біз мектепке аптасына бес күн, дүйсенбіден жұмаға дейін барамыз. Сенбі мен жексенбі күндері бізде демалыс. Мен мектепке 8.45- дейін барып, сабақты 9-да бастаймын. Бізде бес сабақ: екеуі үзіліске дейін (біз сүтімізді ішуіміз үшін) және үшеуі үзілістен кейін. Түскі астан кейін бізде әлі екі сабақ бар. Мектеп 3.40 -та жабылады, ал мен үйге қайтамын.

Мен үйге келген соң үй тапсырмасын орындауға кірісемін. Мен мектепте он үш пән оқимын: ағылшын тілі, математика, француз тілі, неміс тілі, ғылым, тарих, география, қолөнер, өнер, ойындар, дене шынықтыру, ән және дін тану.

Хат соңында сіздерге бірнеше сауалдар қоймақпын. Қазақстандағы мектептер мен біздің мектептердің айырмашылығы көп пе? Ұлдар мен қыздар бірге оқи ма, әлде бөлек пе? Сіздердің мектептеріңіз де қандай сабақтар өткізіледі? Қанша сабақтар өткізіледі?Оқу күндеріңіз қандай? Ол біздікінен басқаша ма? Өтінемін, өзіңіздің мектебіңіз жайлы маған жазыңызшы.
...