+1 дауыс
226 көрілді
Біздің қолданушылардың логинімізді маман не модеатор сияқты жоғары дәрежедегілер көріп отырама?

7 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Админнен басқа ешкім поштаңның адресін көрмейді. Көрсе де саған не зияны бар? Әлде құпия қызметкерсің бе? Пароліңді біліп қоймаса болды ғой.
+2 дауыс

Маман деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Маман дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген пікірді өңдей алады. Яғни егер сіз маман дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған пікірін қадағалап отырасыз. Сайт ережесіне қайшы келетін пікірлерді өңдеп, ескерту беріп отырасыз.

 

Редактор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Редактор (өңдеуші) дәрежесіндегі қолданушылар қарапайым қолданушылардың және мамандәрежесіндегі қолданушының барлық мүмкіндіктеріне ие, және сонымен қоса кез келген сұрақты өңдей алады, кез келген жауапты өңдей алады, Кез-келген хабарламаларды жасырып не жариялай алады. Яғни егер сіз Редактор дәрежесіндегі қолданушы болсаңыз сіздің жалпы атқаруға тиісті міндеттері: сіз сайттағы пікірталастарды, қолданушылар жазған жауапты қадағалап отырасыз. Сұрақтарды мағынасына байланысты сорттап, сайт ережесіне қайшы келетін сұрақтар мен жауаптарды өңдеп, жасырып, ескерту беріп отырасыз.

 

Модератор деген кімдер? Және олардың қандай мүмкіншіліктері бар? Атқаратын қызметтері қандай?

Модератор дәрежесіндегі қолданушылар жоғарыда айтылып кеткен барлық мүмкіндіктерге ие, және сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдай алады, және қолданушылардың IP-адресін көре алады. Модераторлардың жалпы атқаруға тиісті міндеттеріңіз: Сұрақтарды сайт ережесіне сай өңдеп, ережеге сайт келмейтіндерін жасырып отырады. Қолданушыға тиісінде ескертулер беріп отырады, нәтиже шығармаған қолданушыны сайттан белгілі бір уақыт аралығында құлыптауқа құқылы. Сонымен қоса қойылған сұраққа жақсы жауап таңдап отырады. Сайттағы сұрақтардың мағынасына үлкен мән беруі қажет.

 

 

0 дауыс
Сонда тек модераторлар көре ала ма?
+1 дауыс
Көруі мүмкін көрмеуі де мүмкін ! ЖОҚ модератор редактор мамандар тек сұрақ жауаптарды өңдей алады жасыра алады ЖЖ таңдап алып тастай алады АЛ Бірақ Профайлдың ішін көре алмайды! Админ көруі мүмкін  сен туралы қандай аақпарат бар еді мына сайтта? тек паролын ғой қҰпия қалған сұрақ жауабын бәріне көрініп тұрады!!!
0 дауыс
Көрініп тұрса да қызықтырмайды ешкім
0 дауыс
Логинды көре алады.
0 дауыс
Иа,бәріңе де рахмет көп

Ұқсас сұрақтар

...