+1 дауыс
9.8k көрілді
Жиде ағашы туралы толық ақпарат қажет? Басқа жерлерде мәуе, жиде деп те атайды осы жайлы интернеттен қанша іздесем де жауабы жоқ. Жиде немесе орысша нақты атауын білсеңіздер айтыңыздаршы бауырлар?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жиде Қызылорда облысында көп өседі. Орысша аталуы - лох серебристый немесе джида бухарская.
Рахмет Ага!
+1 дауыс
Жиде — жиде тұқымдасына жататын ағаш. Бұта түрлері де бар. Қазақстанда 2 түрі бар: түрікмен Жидесі, үшкір жемісті . Жиде солтүстік облыстардан басқа барлық жерлерде өседі. Бұталары тікенді, күмістүсті ұзынша кезек орналасқан жапырақтары болады. Гүлі қос жынысты. Жазғытұрымгүлдейді.Жиде— шірнелі өсімдік. Тұқымынан, тамыр өскінінен не тамыртүбінен көбейеді. Жемісі — жалған сүйек, сырты ұнтақты жұмсақ қабықпен жабылған, түсі қызғылттау, бірақ қоңыр қабыршақпен жабылғаннан кейін күлгін көрінеді. Оны жеуге болады. Жиденің барлық түрі — әсемдік өсімдіктер. Оларды шөлді жерлерді көгалдандыруға, құм тоқтатуға, өзенмен арналардың жағасын бекітуге, т.б. пайдаланылады. Ағашын, сүрегін құрылысқа және отын ретінде, жемісін медицинадақолданады, құстарға жақсы азық болады. Жапырағы мен қабығында бояулық және илік заттар бар. Сабағынан алынатын сағызды заттан ( камедь) лакжәне бояуөндіріледі...
...