0 дауыс
337 көрілді
Өткендегі cмс шабуылдан соң, банктердегі депозиттің жағдайы қалай боуда екен. Көп ақша алынып кеткен сияқты.

4 жауап

0 дауыс
Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%,  Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

Жалпы банктердегі жағдай жақсаруда. kaspi bank-ке келсек қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралды.

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-деді бүгін БАҚ-на таратқан ақпаратында kaspi bank-тің басқарма төрағасы  Михаил Ломтадзе.

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған  салымдар алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.
0 дауыс
Әлі үлестері шешілмей жатыр! иә көп ақша  кеткен ғо олардан!
0 дауыс
Банктерде теңге салымдары азайып, доллар салымдары көбейді.
0 дауыс
Ешқандай банк құлдырауға ұшыраған жоқ, барлығы өз жұмыстарын жалғастырып жасап жатыр.
...